Қабыл болатын дұға
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: Кімде-кім түнде оянып «Ләә иләһа илләллаһ, уахдаһу ләә шәрика ләһ, ләһуль мульку уә ләһуль-хамду уә һууә ғалә кулли шайиң қадиир. Әлхамдулилләһи, субханАллаһи уә ләә иләәһа илләллаһ, уаллаһу әкбар уә лә хәула уә ләә қууатә иллә билләһ», - деп Алладан кешірім сұраса, я дұға қылса дұғасы қабыл болады. Егер дәрет алып намаз оқыса, намазы қабыл болады.(хадисті Убада ибн Самиттен Бұхари келтірген)