Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қадір түнінде мына 7 амал жасалуы тиіс

Қадір түнінде мына 7 амал жасалуы тиіс

Алла Тағала Өз құзырындағы бұл түнніңқадіріне ешбір түн жетпейтіндігін баяндап: «Біз Құранды аса қадірлі, беделді түндетүсірдік», – деген аятын жолдады. Тіпті, Адам Пайғамбардан (Оған Алланың сәлемі болсын) бастап бүкіл түндер біріксе де бұл Қадір түнініңқадірі мен беделіне жете алмайды.
Бұл түн Алла Тағаланың Ұлы Сөзі Құранға арналған түн. Осындай зор сауаптарға кенелтетін мың айдан да хайырлы болған Қадір түнінде қандай амал жасаған абзал деген сауал әрбір мұсылманның ойына келері ақиқат.
Сол үшін де төмендегі бірқатар амалдарды назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Біріншіден, өзіңіздің барлық күш-жігеріңізді салып Алла Тағаладан дүние және ақыретіңізді қамтыған қажеттіліктеріңізді сұрайтын дұға жасаңыз. Себебі, Раббымыз бұл түні барлық дұғаларды қабыл етеді. Ең маңыздысы бұл түні өз отбасыңыздың амандығы, еліміздің тыныштығы, мемлекетіміздің өркендеуі, дініміздің елімізде кең қанат жайып, дамуын сұрап дұға етуді естен шығармаңыз. Елдің амандығы мен тыныштығы ол – біз бен сіздің амандығымыз бен тыныштығымыз. Айша анамыздан (Оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздан (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деп сұрағаны баяндалады: «Уа, Алланың елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?»
Ол: «Аллаһумма иннәкәғафуун, кәриимун. Тухиббул-ғафуа фағфу ғаннии»
«Уа, Алла, расында, Сен –Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!», – деп айт», – деді.
Екіншіден, Алла Тағаланың өзіңізге берген күллі нығметтерін есіңізге алып, Оған шүкірлік мақсатында өзіңіз білетін барлық пәктеу сөздерді айтып Алланы дәріптеңіз. (Мәселен, әлһамдуллилләһ, субханаллаһ, аллаһу акбар, ләә иләәһә иллаллаһ т.б.)
Үшіншіден, осы күнге дейінгі барлық күнәларыңыз бен қателіктеріңізді есіңізге түсіріп, Алла Тағаланың кешіруін сұрап дұға жасаңыз. Себебі, барлық күнәларды кешіруші Жалғыз Алла ғана. Сондай-ақ, барша жақсылықтар мен бақыттың кілті болған «Астағфируллаһ» сөзін шамаңыз келгенше көп қайталаңыз. Саны маңызды емес.
Төртіншіден, 2 рәкәт болса данәпіл намазын оқып, намазыңыздың қабыл болуын сұраңыз. Сол түні кім нәпіл намаздарды көбейтсе 83 жыл 4 ай үздіксіз нәпіл намазда болған адам боласыз.
Бесіншіден, шамаңыз келетін көлемде садақа беріңіз және садақаңыздың қабыл болуын сұрап Аллаға жалбарынып дұға етіңіз. Осы күні егер кім САДАҚА берген болса 83 жыл 4 айүздіксіз садақа берген болады.
Алтыншыдан, Ардақты Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қиямет күні маған ең жақын болатындарың мінездері ең көркем болғандары», – деген сүйінші хадисті есіңізге алып, мінезіңізді жақсы жаққа қарай өзгертуге күш салыңыз. Сол күні сіз ешкімге айқайлап сөйлемей, сабырлы болып жүрсеңіз 83 жыл 4 ай сабырлы болған адам боласыз.
Жетіншіден, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, сонда сүйіспеншіліктерің артады», ­- деген сөзін есіңізге алып, жаныңызға жақын адамға сыйлық ұсыныңыз. Оның көлемі маңызды емес. Сол күні кім біреуге сыйлық беріп, мейірімділік танытса 83 жыл 4 ай мейірімділік танытып, жақын жүрген адам боласыз.
16 мамыр 2019 ж. 1 410 0