Қажетіңді сұрағанда оқылатын дұға

Басқа бір риуаятта Тариқ (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға (с.а.у.) бір кісі келіп: «Уа, Алланың елшісі! Раббымнан мұң-мұқтажымды сұрағанымда не деп дұға етейін?» – деген еді. Сонда Алла елшісінің (с.а.у.) оған: «Уа, Алла тағалам! Мені жарылқап, кешіре гөр! Мені мейіріміңе бөлеп, тән-жан саулығы мен адал ризық-несібе бере гөр» – деп дұға ет. Расында, бұл дұға дүние мен ақыретке қатысты барлық мұң-мұқтажыңды қамтиды» деп айтқанын естідім», -деген (Муслим, зикр 36).