Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 2019 жылы Қадір түні қашан болады?

2019 жылы Қадір түні қашан болады?

Құрметті мұсылман бауырлар Stan.kz ақпараттық агенттігі түндердің сұлтаны Қадір түнінің 2019 жылы қай түнге түсетіні жайлы және бұл қасиетті түннің ерекшеліктері туралы пайдалы мәлімет ұсынады.

2019 жылы 6 мамырда басталатын және 4 маусымда аяқталатын мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде ерекше түн болады. Ежелгі заманнан бері бұл кезең барлық мұсылмандар үшін ең маңызды болып саналады.
Мұсылмандардың осы уақытта жасаған амалдары мыңдаған айлар бойы жасаған әрекеттеріне қарағанда маңызды. Сондай-ақ, адамдар осы түнде Жаратушыға сыйынған мұсылмандарға періштелер амандасады деп сенеді.
Бұл қасиетті тағдыр түні Рамазан айының соңғы 10 күніне, яғни 27-ші күнге түседі. Ал 2019 жылы Қадір түні 1 маусымға келіп тұр. Дегенмен, оның нақты қай түн екенін тек Жаратушы ғана біледі.
Мүмкін, ол адамдар тек бір түн ғана дұға етіп, сол түнде ғана күнәһар ойлар мен әрекеттерден аулақ болып және жақсылық істеуге тырыспасын деп, жасырылған шығар. Сондай-ақ, кейбір белгілі ғалымдардың да: «Адам әр жылдың түнінде Ләйләт-ул-Қадір түнін іздеуі керек» деуі тегін емес.
Бұл түн ерекше. Оны кейбір белгілерімен ерекшелендіріп, айыруға болады. Бұл тыныш түнде жауын-шашын болмайды. Ол түн жарқыл мен нұрдан жасалып, тіпті ағаштар иіліп тағзым беріп, ауаға ерекше хош иіс құйылады.
Ал таңертең күн толық ай секілді сәулесіз көтеріледі. Сондай-ақ, күннің шығуы өзгеше, ерекше жарықпен ерекшеленіп, нәзік болады. Егер сіз ол белгілерді байқамасаңыз, бұл Ұлы түн жоқ дегенді білдірмейді, өйткені оларды барлығы көре бермейді және байқамайды.
Қадір түні қалай өтуі керек
Мұсылмандар Жаратушының мейіріміне бөлену үшін, Ләйләт-ул-Қадір түнінде не істеуі керек? Рамазанның басқа күндеріндегідей, олар күніне екі рет қана тамақтануы керек. Дәстүр бойынша тамақтанудың ең жақсы уақыты – таңның атуы мен күн батқаннан кейінгі бірінші сағат.
Ал тамақты бірнеше құрма мен бір-екі жұтым су ішуден бастау керек. Сондай-ақ, тағамдар жеңіл болуы қажет және онда көкөністер мен жемісдердің болғаны жөн. Оразаны тек жүкті немесе бала емізетін әйелдер, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен ақыл-ойы шектеулі адамдарға ғана ұстамауға рұқсат етілген. Сонымен қатар, бұл кезде темекі шегуге, тіпті кальянға да тыйым салынады және күндіз жыныстық жақындыққа, кез келген түрдегі ойын-сауыққа баруға болмайды.
Қасиетті тағзым түні діндар адамдар Құран оқуы керек. Бұл түні мұсылмандардың көпшілігінің мешітке келіп, Аллаға дұға етіп, осы қасиетті кітапты оқуы кездейсоқтық емес. Егер Құранның әр оқылған беті үшін басқа уақытта бір сауап және Рамазан айында оннан мыңға дейін сауап берілсе, ал Ләйләт-ул Қадір түнінде – 30 мың сауапқа дейін беріледі.
Сонымен қатар, сенушілер жіберіп алған намаздарды орындауы керек. Және ізгі ниет пен іс-әрекеттер туралы ұмытпаңыз. Өзіңізді ренжіткен адамдарды кешіріп, мұқтаж жандарға көмек көрсетіңіз.
Сондай-ақ, сенушілер тек Ләйләт-ул-Қадір түнінде ғана емес, Рамазанның соңғы он күнінің ішінде қосымша дұға етуі және кем дегенде бір игі іс жасауы керек.
2019 жылғы тағзым мен тағдыр түні физикалық және моральдық деңгейлерде де тазару үшін тамаша уақыт. Бұл кезде адамдар өздерінің өткен істерін қайта ойлап шығып, қатаң ораза ұстап және тәубаға келіп, күнәларын жуып шаяды. Құранда: «Алла Тағала өкінгендерді және күнәларынан тазартылғандарды жақсы көреді» делінген.
Сонымен бірге, Қадір түнінде Алла Тағаланың әрбір адамның тағдырын, сондай-ақ ол өтуі тиіс қиындықтар мен сынақтарды белгілейтінін ұмытпаған жөн. Ал адамдар белгіленген дәстүр бойынша болашаққа жоспар құрады. Мысалы, сіз бұл кезде өзіңізге және жақын адамдарыңызға жақсы болашақ сұрай аласыз және Жаратушының сіздің дұғаларыңызды еститініне сеніңіз.
Сондықтан сіздерге 2019 жылғы Қадір түнін, сондай-ақ, Рамазанның соңғы он күнін хақ мұсылмандарға тән қасиеттерге сай лайықты өткізуді тілейміз. Барлық ұсыныстарды ұстану, яғни Жаратушының рақымына бөлену арқылы кемелдікке жету дегенді білдіреді.
Айша анамыз Алла Елшісінен: «Ей Алланың Елшісі, Қадір түні болғанда мен не айтайын?»,- деп сұраған кезде, ол: «Йа Раббым, Сен кешірушісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр», – деп жауап берген екен.
Сонымен қатар, дұғаны өзіңіз үшін ғана емес, жақын адамдарыңыз, Мұхаммед пайғамбардың үмбеттері және сізден осыны сұрағандар үшін оқығаныңыз жөн.
Ескетеріңізге сала кетейік, Мұхаммед пайғамбарға Құранның алғашқы сүрелері дәл осы үкім мен тағдыр түнінде жіберілген. Ал бұл Меккенің маңындағы Джабал ән-Нұр тауындағы Хира үңгірінде болды. Аңыз бойынша, 610 жылы, пайғамбар осы үңгірде болғанда (Меккеге жақын жерде), оған Аллаға ең жақын періштердің бірі – Жәбірейіл періште келген.
Ол Мұхаммедтің алдына адам кейпінде келіп: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Қаламмен (жазуды) үйреткен Раббың – тым жомарт. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйретті» деген аяттарды оқып, Алланың аманатын жеткізеді.
Осылай, Мұхаммед Жәбірейіл періштеден Алланың оны өзінің пайғамбары етіп таңдағанын білді. Осылайша, исламның қасиетті кітабы – Құранның жердегі өмірі басталды.
Источник: Stan.kz
17 қаңтар 2019 ж. 1 995 0