2021 жылды «Мектеп кітапханасы» жылы деп атау ұсынылды
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова аппарат жиналысында айтты.
Жиналыста сөз алған қалалық Білім беру басқармасының басшысы әріптестеріне ұсыныс тастады.Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің кезекті аппарат жиналысында «Білім беру ұйымдарының кітапханаларын көркем әдебиетпен қамтамасыз ету туралы» тақырыбы талқыланды.Мектептегі кітапханаларды жаңғырту сәті келген сияқты. Сондықтан 2021 жылды Қазақстанда «Мектеп кітапханасы» жылы деп атасақ, мектептегі нағыз ғылыми-әдістемелік, рухани орталық болар еді. «Балалар оқымайды» деп бәріміз айта береміз. Дегенмен балаларды кітап оқуға тартуға әрекетті кеш жасап жатқан жоқпыз. Сондықтан бүгінгі күн тәртібінде көтерілген сұрақты үлкен жоба ретінде енгізсек жақсы болар еді, - деп айтты Шолпан Қадырова аппарат жиналасында.
Осыған дейін «Оқулық» орталығының директоры Ғани Бейсембаев мектеп кітапханашыларын педагог кітапханашы деп атауды ұсынған болатын. Сонымен қатар ол әріптестеріне біршама ұсыныс айтып, ЖОО-да «Педагог кітапханашы» деген мамандық енгізуді ұсынды.
Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
baq.kz