Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » » Тәжірибелі ұстаздарға арналған жаңа мемлекеттік марапат тағайындалды

Тәжірибелі ұстаздарға арналған жаңа мемлекеттік марапат тағайындалды

25 жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен ұстаздар "Мамандығына адалдығы үшін" төсбелгісімен марапатталады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook парақшасында жазды.
Министр педагогтер мен ғылыми қызметкерлер қандай мерекелерге сәйкес марапатталатынын айтты.
– Марапаттау рәсімдері "Тәуелсіздік күні", "Білім күні", "Мұғалімдер күні", "Ғылым қызметкерлері күні" мерекелеріне орайластырылады. Сондай-ақ жұмыс тобы 25 жылдан астам уақыт бойы ұстаздық еткен әріптестерімізді "Мамандығына адалдығы үшін" төсбелгісімен марапаттауды ұсынды. Жылдар бойы адал еңбек еткен сала ардагерлерін марапаттау маңызды деп санаймыз, – дейді Аймағамбетов.
Оның айтуынша, 25 жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен ұстаздар "Мамандығына адалдығы үшін" төсбелгісі үшін құжат тапсырмаса да болады.
– Жұмыс тобының пікірінше, ширек ғасыр жұмыс істеген сала мамандары марапаттың осы түрін алу үшін ешқандай құжат тапсырмаса да болады. Марапаттарды алудың нақты жүйелігі енгізіледі. Әр марапаттың жеке сәйкестендіру коды болады. Ол 12 саннан құралады және марапаттау жылын, мереке күнін, марапатталған адам жұмыс істейтін саланы, көтермелеу түрін және реттік нөмірін көрсететін бес бөлімнен тұрады. Енді барлық марапатталушылар бойынша министрдің бұйрығы шығады. Ол бұйрық міндетті түрде көтермелеудің біріңғай электронды есебінде сақталып, министрліктің интернет-ресурсында жарияланады, – деді министр.
Құндызай Өтеген
qamshy.kz
06 қаңтар 2021 ж. 340 0