Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КҮЛӘШ ШӘМШИДИНОВА – БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ

КҮЛӘШ ШӘМШИДИНОВА – БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ

Президент Жарлығымен Күләш Шәмшидинова Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.
Ол Алматы облысы Көксу ауданында туған. Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, педагог, химия мұғалімі. 1979 жылы Алматы облысы Көксу ауданындағы Амангелді атындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болған. 1981-1986 жылдар аралығында комсомолдық қызметте еңбек еткен. Комсомолдық жұмыстардан кейін түрлі деңгейлерде партиялық жұмыс етті. Басында, 1986 жылдан бастап Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы қызметін атқарған, ал 1991 жылы Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы ретінде еңбек еткен.
1991 жылы партиялық жұмыстарды аяқтап білім саласында қызмет етті. 1992 жылға дейін Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында директордың орынбасары болды. 1992 -1996 жылдары Талдықорған қаласындағы №18 Б.Жолбарсыұлы атындағы мектеп директорынын қызметін атқарды. 1996 жылдан бастап қалалық атқарушы органдарында жұмыс жасаған. Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары 1996-2002 болып, 2002 жылдың ақпан айынан ҚР Білім және ғылым министрлігінде вице-министр лауазымына тағайындалған. 2005-2007 жылдары – «Бөбек» РМКК Ұлттық ғылыми практикалық білім және сауықтыру орталығының Бас директоры болған.
2007 ҚР Білім және ғылым министрлігінде вице-министр лауазымына қайта тағайындалған. 2009 жылдың қазан айынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы қызметтерін атқарған. «Айқын» ақпарат
aikyn.kz
25 ақпан 2019 ж. 1 831 0