«Оны жеңдірген ата-бабамыздың аруағы ғой!»

– Жәке, осы аузымен құс тістеген Құлмамбетті жеңдім дейсіз, қалай жеңдіңіз ? – деп сұрапты біреу. Сонда Жамбыл:
– Оны мен жеңгенім жоқ, атамыз Қарасай мен Сүйінбайдың аруағы ғой жеңдірген! – деп жауап беріпті.
Осы әңгімені естіген Бауыржан Момышұлы тебірене таңданып:
– Қандай терең жауап! Егер маған біреулер: «Ұлы Отан соғысында жауды қалай жеңдіңіздер?» деп сұрақ қойса, Жәкеңе ұқсап: «Жауды біз жеңген жоқпыз, оны жеңдірген ата-бабамыздың аруағы ғой!» деп жауап берер едім! – деген екен.

syrboyi.kz