Ренжіткен адамға не деуге болады?

Бірде шәкірті ұстазынан:
– Ұстаз, егерде мені біреу ренжітсе, қатты сөйлеп, көңіліме тиер ауыр сөз айтса, оған қандай жауап қатуым керек? – деп сұрайды.
Ұстазы:
– Сен ағаштың түбінде отырсың делік. Бір кезде басыңа ағаштың бір шыбығы түсіп кетті. Қандай әрекет жасайсың? – дейді.
Шәкірті бірден жауап береді:
– Не істейсің дейсіз бе? Бұл жай сәйкестік қой. Бір тал шыбықтың мен отырған кезде басыма түсуі сәйкестік қана ғой.
Сонда ұстазы:
– Міне, дәл осылай. Біреу ашуға беріліп, ызаланып, сені кемсітіп, сені емес, өзін төмендетті. Ол ағаштан жерге түскен талдай нәрсе. Бір шыбыққа бола сен уайым-қайғыға салынбайсың ғой. Сондықтан ол адам сені алаңдатпасын, – деп жауап береді.
qazaly.kz