Рамазан айына арнайы сайт іске қосылды

«Барша мұсылмандарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Мереке қарсаңында Қазстандарт арнайы ресурсты мемлекеттік уақыт пен жиілік эталонымен синхрондалған сағатты іске қосты – ramazan.ksm.kz. Қазақстаннның барлық өңірлерінің тұрғындары бұл ресурс арқылы күннің шығуы мен батуының нақты уақытын біле алады. Өйткені, ораза ұстайтындар үшін әр минут маңызды», – деп жазды министр.
Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.
kyzylorda-news.kz