Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін - Оразаның алғашқы күні

Бүгін - Оразаның алғашқы күні

Қасиетті Рамазан айы мүбарак болғай.
Биыл, 2021 жылы Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Рамазан айы 30 күн болады. 13 мамыр – Ораза айт күні. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні.

Ал пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

Коронавирусқа қарсы екпе оразаны бұзбайды. Бұл туралы Алматының бас имамы Еркінбек Шоқай айтқан еді.

Сондай-ақ, Рамазан айында елорда мешіттерінде Тарауих намаздары мен Жұма намаздары оқылмайды, ауызашар рәсімдері өткізілмейді.
ПТР тесттен өту оразаны бұзбайтыны да айтылды. Имамның айтуынша, тек ішке тамақ не су қабылдағанда ғана бұзылады.

Еліміздің басрлық өңіріндегі намаз уақыттарын мына жерден ЖҮКТЕУ арқылы көріп, таныса аласыздар.

BAQ.KZ сайтының басты бетінің сол жақ бұрышында ауыз бекіту мен ауыз ашу уақыттары көрсетіліп тұратын болады.

baq.kz
13 сәуір 2021 ж. 718 0