Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Неге жеті шелпекті “тие берсін” деп жейді?

Неге жеті шелпекті “тие берсін” деп жейді?

Жақында "Жеті шелпек" дәстүрі мұсылмандарға жат, Ислам дініне қатысы жоқ ұғым деген пікірлер желіде тарады. Кейбірі мұны пұтқа табыну деп бағаласа, енді бірі дәстүрлі исламның нәтижесі деп таныды. "Жеті нанның" қазақ дәстүріндегі орны мен Исламға қатысы жайлы Stan.kz тілшісі мамандардан сұрап білді.

Қазақ мифологиясын зерттеуші Зира Наурзбаева аталған дәстүрдің мұсылмандыққа қатысы жоқ екенін айтады.

“Бір-бірінің үстіне қойылған жеті шелпек Құранда айтылған аспанның жеті қабатын немесе жеті аспанды білдіреді. Алланың есімдерінің бірі – Жеті аспанның иесі. Адам жаны иіспен қоректенеді деген түсінік бір кездері кең таралған еді”, – дейді ол.

"Жақында діни отбасыдан шыққан құрбымнан бұл дәстүрдің пұтқа табынушылық, шынайы мұсылмандарға лайық емес, яғни дінге қатысы жоқ екенін білдім. Бұл сөздерде шындық бар. Дұғадан соң, адамдар "Тие берсін" деп айтып, шелпекті жейді. Егер тірілер наннан ауыз тисе, өлгендер оның иісінен дәм татады деп есептеледі.

Діни тұрғыдан аруақтардың жанын "тамақтандыру" идеясы, оны аруақтарға құрбандық шалу деп түсіндірілетін болса, күнә болып саналуы мүмкін. Себебі құрбандық тек Құдайға жасалуы тиіс. Алайда бұл рәсім мұсылмандық мән-мағынаға ие болғалы қашан. Бұл тек "Бисмилләх" деген сөздерде ғана емес, Құран сүресін оқып, аты аталғандарға мейірімділік таныт деп сұралатын сөздерден аңғарылса керек. Ғұрыптың мәні – өлгендер жаны ұрпақтарынан иіс түрінде "тамақ" қана емес, сонымен бірге, олар үшін жасалған дұғалардың арқасында қолдауға ие болады", – дейді ол.

"Жеті шелпектің" Исламға қатысы бар ма?

Теолог, имам Наурыз Убаев Ислам дінінде жеке “Жеті нан” жайлы тақырып көрсетілмесе де, дәстүр, ғұрып жайлы мәселе қарастырылғанын айтады.

"Исламда сүннет, қияс деген үкімдер шығарылады. Белгілі бір мәселе аясында ғалымдар не айтады, ол сүннетке жата ма, қай үкімге жататынын қарастырады.

Жетінші үкім – ғұрып, бұған қалыптасқан нәрсе, адамдар дұрыс деп таныған дүниелер кіреді. Кейбір дәстүрлерді көпшілік дұрыс емес десе, ғұрып та дұрыс емес деп таниды.

Мынадай қағида бар: Дәстүр Исламға қарсы келсе ғана дұрыс емес деп саналады.
"Сол үшін "Жеті шелпек" пісіру шариғатта теріс ой тудырмайды. Нан қасиетті тағам болған, ал жеті қазақтардың қасиетті саны болған соң оны пісіріп таратқан. Кейбір адамдар "Жеті шелпек" пісіруді пұтқа табынушылық деп ойлайды. Бұл дұрыс емес.

Адам "Жеті шелпек" пісіргенімен бір Аллаға сыйынады, сұрайды. "Жеті шеплектен" сұрамайды. Жеті нан құнды тағам болған соң, оны мешітке әкеліп, таратады, садақа бағыштайды", – дейді ол.

Айтуынша, Исламда сандарды қасиетті деп санау жоқ. Алайда қазақтың дәстүрі бойынша Жеті нанды пісіріп, таратады.

"Неге нанды таратады деген сұрақ туындаса, нан қазақта қиын жолмен алынатын тағам деп саналған. Бұрындары нанды жерді жыртып, Бұқа ұстап, егін егіп, алатын болған. Ал садақаға өз еңбегіңмен тапқаныңды беру. Нанды тарату содан қалған", – дейді ол.

Неге шелпекті “тие берсін” деп жейді?

Теолог Наурыз Убаев "Тие берсін" деген сауапты білдіретінін айтып өтті.

"Құран оқып, Құранның сауабын және нанның садақасын береді. Садақаның сауабын қайтқан кісіге бағыштайды. Ислам дінінде жақсылықтың сауабын қайтыс болған кісіге бағыштау деген бар. Адам қайтыс болғанда үзілмей үш нәрсе болып тұрады: соның бірі садақа. Ал иіс шығару деген нәрсе дұрыс емес, пісірілген нан таратылуы тиіс", – дейді дінтанушы.

Этнограф Талғат Омардың жеті шелпекті “Тие берсін” деп жеудің астарында аруақтар дәм етеді деген түсінік бар екенін айтады. Бұл кейде бірнәрсені ұмытып кеткенде, қатерлі жағдай орын алмасын деген кезде жасалатын ырым.

Айтуынша, "Жеті шелпекті" жаман түс көрген кезде, әсіресе түске аруақтар кіргенде пісіріп, жеті адамға таратады.

"Бұл – аруақтарды еске алудың жолы. Баяғыда жолға шыққанда осы жеті нанды адамның қойнына азық қылу үшін салып жіберетін болған. Жеті санының өзі қазақта киелі санаған. Бұл – тәңіршілдіктен қалған ғұрып. Аруақ сеніміне байланысты, дінге еш қатысы жоқ", – дейді ол.
“Ырым – өлі мен тірінің арасындағы дүниетаным”, – дейді этнограф.

"Тәңіршілдікте ғарыштық энергия бар, ал Ислам Құран негізінде жүреді. Бала шошып оянғанда, не болмаса тылсым энергия келгенде Жеті нанды таратып, ырым жасаған. Сескену, жиіркену, қорқу адам санасына емес, сезімге байланысты, деме,к тылсым күшке бағынады", – дейді Талғат Омар.

Жеті шелпек пұтқа табыну ма?

Теолог Руслан Мамытов "Жеті шелпек" ғұрыпының пайда болғанына 200 жылдай уақыт болғанын айтады.

"Ашаршылық заман болған соң, адамдарда көп тағам да болмаған. Жай ғана ұн мен майды пісіріп, нан илеп, дастарқанға қойған.

Бұл тағамның Исламға еш қатысы жоқ. Қазір көп ел: Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, әрқайсысы өз салт-дәстүрі мен шариғатын "араластырып" жіберген. Мұны көпшілік Ислам деп қабылдайды. Түсінбейтіндер, Алла осылайша, дұғаны қабыл етеді деп ойлайды. Білімі барлар олай ойлаудан аулақ болады.

"Жеті шелпек" тарату, Құдайға емес, пұтқа табыну болып кетпеуі үшін теолог оны құлшылық жасау объектісі деп қарастырмау керектігін айтады.

"Егер адам бір нәрсеге құлшылық деп қарайтын болса, бұл Исламда бида (діндегі жаңашылдық) деп саналады. Демек, бұл – харам. Егер оны тек құлшылық жасау объектісі ретінде емес, салт-дәстүр немесе адами фактор ретінде қарасаңыз, онда бұл дұрыс емес деп есептелмейді", – дейді ол.


stan.kz​​​

07 маусым 2021 ж. 3 986 0