«7» саны несімен қасиетті?
Құран Кәрімді тілдік, методикалық, тарих, грамматикалық және т.б қай қырынан алып қарасаң да – толып тұрған мұғжиза. Жер бетінде Құран секілді түбегейлі зерттелген, әлі де зерттеліп келе жатқан бірде бір кітап жоқ. Оның адамзатқа түскеніне 14 ғасыр болса да, мазмұны толықтай жіті ашылмады. Осынша уақыт өтсе де, Құран ешқашан ескірмейді, керісінше, жаңа бастауларға жол сілтейді.
Өткен айларда «Құран әріптерінің кереметі» тақырыбы аясында бірнеше сандық ғажаптардың сырын ашқан едік. Бүгінде осы ғажаптың жалғасы ретінде тағы бір санды ортаға салып, кеңінен талқылап көрмекпіз. Бұл жолы тақырыпқа арқау болған 7 (жеті) саны турасында әңгіме қозғамақпыз.
Құранда жеті (7) саны мен бір (1) саны ерекше ескерілген әрі ең көп кездесетін сандар болып саналады. Жалпы, бір (1) дегеніміз ол Алланың жалғыздығын, Одан басқа екінші тәңір жоқтығын білдіреді. Ал, жеті саны біріншіден, Құран аяттарының теңдессіз байланыстарын ашықтаса, екіншіден, аталмыш сан жалпы жаратылыспен оның ішінде адаммен тікелей байланысты болып келеді. Бұл сан тек Құран мазмұнында ғана емес, жалпы ислам дінінде де айрықша орны бар. Ендеше осыларға қысқаша тоқталып кетелік.
Алла Тағала Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды елші етіп жіберген сәтінде-ақ оған жеті аяттан тұратын «الْمَثَانِي» яғни, «Фатиха» сүресін түсірген. Бұл туралы былай делінген:
«(Мұхаммед с.а.у.) әлбетте Біз саған қайталанып оқылатын жеті аятты (Фатиха сүресін) және ұлы Құранды бердік» (Хижр-87).
Керек десеңіз, араб тіліндегі «الْمَثَانِي» сөзінің өзі «әл мәсәни» жеті әріптен тұрады. Бұған қоса жеті саны Құранда сандардың ішінде ең алғаш болып «Бақара» сүресінің 29-аятында былай ескерілген:
«Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты. Сонан кейін аспанға көңіл бөліп, оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші».
Ғылымда көктің жеті қабаттан тұратындығында дау жоқ. Бір қызығы осы жеті қабат Құранда жеті рет ескерілген екен. Бұлар мына сүрелерде кездеседі: «Бақара, 29», «Исра, 44», «Фуссилат, 12», «Талақ, 12», «Муминун, 46», «Мүлік, 3», «Нұх, 15». Сондай-ақ, 114 сүренің ішінде тек жеті сүре ғана Алла Тағаланы мақтаумен, тасбих айтумен басталады. Олар: «Исра», «Хадид», «Хашр», «Саф», «Жұма», «Тағабун», «Ағла».
Жоғарыда 7 саны адамның жаратылысына байланысты дедік. Бұған дәлел ретінде адамның жаратылысы жеті сатыдан тұратындығы Құранда ашық баяндалған:
«Расында біз адамды балшықтан (1) жараттық. Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы (2) қылдық. Сосын тамшыны ұйыған қан (3) жасадық. Ұйыған қанды кесек ет (4) жасап, кесек етті сүйек (5) жасадық та, сүйектерге ет қаптадық (6). Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып, жан салдық (7)» (Муминун 12-14).
Бұған қоса Құрандағы жаратылыс иелеріне қатысты айтылған көптеген сөздер мен сөйлемдер де жеті әріптен тұрады. Айталық, араб тіліндегі «әл инсан» яғни, «адам» сөзі жеті әріп. Сол сияқты «аш шайтан» сөзі де жеті әріптен құралған. Сондай-ақ, жалпы жаратылысқа қатысты мәселен:
«Ол көктер мен жерді жоқтан бар етіп жаратушы. Егер бір істің болуын қаласа сонда Ол тек қана оған «бол» дейді. Ол бола қалады» деген аяттағы айтылған «كُنْ فَيَكُونُ» сөйлемі де жеті әріптен тұрады.
«Жаратылыстар Оған ғана тиесілі» яғни, «لَهُ الْخَلْقُ» деген сөйлемде 7 әріп.
«Барлық нәрсе Оның уысында, бақылауында» яғни, «لِلَّهِ الْأَمْرُ» деген сөйлем де 7 әріптен құрылған.
Бұған қоса, Құранда түрлі пайғамбарларға түсірілген қасиетті Кітаптардың аттары да жеті әріптен келген: «وَالْقُرْآنِ» — «уәл Құран», «الْفُرْقَانِ» — «әл фурқан» «الْإِنْجِيلِ» — «әл Инжил», «التَّوْرَاةِ» — «ат Таурат», «صُحُفِ مُوسَى» — « сухуф Муса».
Сонымен қатар, пайғамбар (с.ғ.с) хадисінде айтылғандай, тозақтың жеті қақпасы бар екені белгілі. Бірақ, жәннәт қақпасының саны – сегіз. Неге олай? Себебі, тозақ – Аллаyың ашуы6 ал, жәннат – Оның рақымы, мейірімі екенін ескерсек, ашу мен рақым Алланың құзырында бір дәрежеде тең болу мүмкін емес. Өйткені, құдси хадисте: «Менің рақымым ашуымнан басым» делінгендей, Алланың рақымы, мейірімі ашуынан әлдеқайда жоғары екендігін білдіреді. Осыған сәйкес тозақтың қақпасы жәннаттың қақпасынан көп болуы немесе тең болуы әсте мүмкін емес.
Сондай-ақ, мұсылмандар күнделікті 32 ракағат намазда сәждеге жетінші мүшесін яғни, маңдайын тигізеді. Санап қарайтын болсақ сәждеге барарда ең алдымен екі аяқта тұрады, сосын екі тізеге отырады сосын екі қолмен жығылады сосын жетінші әрекеті маңдайын жерге тигізеді. Бұл жайында Имам Бұхариден жеткен хадис бойынша пайғамбар (с.ғ.с) былай деген:
«Мен жеті мүше арқылы сәжде етуге бұйырылғанмын».
Бұдан басқа қажылық амал орындауда да мұсылмандар алдымен қасиетті Қағбаны жеті рет тауаф жасап айналады. Сосын Сафа мен Маруа жотасына барып жеті рет сағи ( екі жотаның арасын жүріп өтеді) жасайды. Кейін барып Мина алқабында шайтанға тас лақтырарда әр бөренеге жеті тастан лақтырады.
Ардақты пайғамбар с.а.у. хадистерінде де жеті саны көп кездеседі. Мәселен, Әбу Һурайрадан жеткен мына бір хадисте пайғамбар бізге былай ескертеді:
«Жеті жамандықтан сақтаныңдар: Аллаға серік қосу, сиқырлық, өз-өзіне қол жұмсау, пайыз (үстеме ақша алу), жетімнің малын жеу, (соғыс майданында дұшпанды көргенде) артқа шегіну, (бейкүнә әйелдің артына) жала жабу».
Осы секілді Әбу Һурайрадан келген хадис бойынша пайғамбар былай деген:
«Қиямен күні ешқандай көлеңке жоқ уақытта Алла Тағала жеті адамды өз көлеңкесінің астына алады. Олар: әділ басқарушы, жастайынан құлшылықпен өмір сүрген жеткіншек, жүрегі мешітке байланған кісі, Алла үшін бір-бірін шынайы жақсы көрген адамдар, көрікті әйел (төсекке) шақырғанда бас тартқан кісі, оң қолы жасаған жақсылықты сол қолы білмей қалған мұсылман және Алланы еске алғанда көзіне шынайы жас келетін кісі».
Имам Бұхаридың жинағында келгендей пайғамбар (с.ғ.с.):
«Расында, мына Құран жеті әріпте түскен» деген хадисі тағы бар.
Адамның денсаулығын сақтауға байланысты да пайғамбар (с.ғ.с.) бізге көптеген насихат айтып кеткен. Бұл насихаттар да жеті санымен байланысты. Айталық, ажуа құрмасына қатысты пайғамбар (с.ғ.с.):
«Кімде-кім әр таңда жеті дана ажуа құрмасын жесе оны сол күні ешқандай у не сиқыр алмайды» — деген. Бұған қоса Мүслим риуаятында ескерілгендей егер адам сырқаттанса, «Ағузу билләһи уа құдратиһи мин шарри мә әжиду уа ухазиру» деген дуалы сөзді жеті рет қайталау керектігін пайғамбар (с.ғ.с.) өсиет еткен.
Ендеше мұның барлығы кездейсоқ болуы мүмкін бе?
Қазақтың дүниетанымына да жеті саны жат емес. Айталық, бізде ежелден қалыптасқан жеті ата деген қасиетті таным бар. Бұны әрбір қаны қазақ жатқа білуі міндетті. Сол үшін «жеті атасын білмеген жетесіз» деп текке айтылмаса керек.
Бұдан басқа жеті шелпек дәстүрі тағы бар. Қазақ ұлтында ежелден қалыптасқан философиялық түсінік бар, ол – жеті қазына. Оған мыналар жатады: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау және өткір кездік. Сондай-ақ, қазақ жер тараптары мен түн мезгілдерін айыру үшін жетіқарақшы шоқ жұлдыздарын жиі пайдаланған. Бұл туралы да қоғамда қалыптасқан аңыз-әпсаналар бар.
Қазақ халқы көкке қолы жетіп наурыз мерекесін тойларда арнайы ұлттық наурыз көже тағамын дайындайды. Оның да қоспасы жеті түрлі дәнді-дақылдан тұрады. Жаңа туған баланың да шашын жеті күннен кейін алатыны тағы бар. Адам дүниеден озғаннан кейін оның жеті күндік асын беру салты да бекер емес. Ертеде қазақта адам жеті тілді білсе, халық арасында кемеңгер, дана адам болып танылған. Сол үшін «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деп бекер айтылмаған.
Тарихта да Қазақ Хандығының ішкі және сыртқы жағдайының жақсаруына елеулі үлес қосқан Жәңгірдің ұлы Тәуке ханның (1678-1718) тұсында «Жеті жарғы» заңдылық жинағы құрылған болатын. Бұл заңдылықтың ықпалы 20 ғасырға дейін қазақ қоғамында жалғасын тапқан.
Осы секілді жеті санымен байланысты қазақ дүниетанымында көптеген түсініктер бар. Мәселен, жеті ғашық, жеті шәріп, жеті ғалам, жеті жұт, жеті күн, жеті жетім және т.б. Сонымен қатар халық арасында әлемнің жеті кереметі мен кемпірқосақтың жеті түрлі түсі жақсылықтың символы секілді түрлі ұғым қалыптасқан.
Тұжырымдай келе, жеті саны ислам дінінде және қазақ ұстанымында да қашан да ерекше орынға ие болған. Аталмыш санның ертеден қасиетті екені Құранда ескерілсе, бертін келе бұл сан қазақтың қанына да түбегейлі сіңіп кеткен болса керек. Тарихтан белгілі 751 жылы Тараз маңында болған Атлах шайқасының нәтижесі Орталық Азияға мұсылман әскерлерінің кіруіне септігін тигізген болатын. Бұл – қазақ жеріне ислам діні орнығуының бастау кезеңдерінің бірі еді. Ежелден исламды дін етіп қабылдаған қазақ халқы дәстүрлі әдеп-ғұрыптары мен салт-мәдениеттерін осы исламмен ұштастырып отырған. Сондықтан Құранда қасиеттелген жеті саны ол қазақтың да дүниетанымында қасиетті деп баса айтуға негіз бар. Сол үшін алдағы уақытта «жігітке жеті өнер де аз» демекші, Құранның жеті қырлы сырлы құпияларын бұдан да әрі ашып, оқырман назарына ұсынамыз.