Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жаратушының барына сенемін»: Тоқаев тыйым салынған жерден Құранды қалай алып өткенін айтты

«Жаратушының барына сенемін»: Тоқаев тыйым салынған жерден Құранды қалай алып өткенін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір кезде тыйым салынса да, әкесінің өтінішін жерге тастамай, Құран кітапты қалай алып өткенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

«Бірде әкеме таспаға басылған Құран мен сүрелердің дүкенде сатылатынын айттым. Ол кісі маған «Әкеліп бересің бе?» деп сұрады. Ойланып тұріп «Құран кітабы мен таспаға басылған сүрелерді шекарадан алып өту» қиын дедім. Себебі, ол уақытта бұған тыйым салынған еді. Бірақ тыйым салынса да, әкеме айтқандарын әкеліп бердім», - деді президент. 
Әрі қарай ол дініне қатысты сауалдарға жауап берді. Айтуынша, бес уақыт намаз оқымаса, мұсалман тегінен шыққан. 
«Әкем өмір бойы коммунист болса да, сол сүрелерді тыңдап отыратын. Мен атеист емеспін, әрине. Құдай мен Жаратушының барына сенемін. Шыққан тегім бойынша да мұсылманмын. Бірақ бес уақыт намаз оқымаймын. Діни мерекелерде мешітке барып тұрамын», - деді Қасым Жомарт Тоқаев. 
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың келер ұрпақты оптимист етіп тәрбиелеуге шақырғаны туралы хабарлаған едік.

https://stan.kz/zharatushinin-barina-senemin-tokaev-tiyim-salingan-zherden-kyrandi-kalay-alip-otkenin-aytti-320887/  

19 тамыз 2019 ж. 961 0