Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Садху" тақтайшасы адам денсаулығына қаншалықты пайдалы?

"Садху" тақтайшасы адам денсаулығына қаншалықты пайдалы?

Қазіргі кезде кез келген әлеуметтік желіден қызықты видеоларды талғамыңызға қарай тауып көруге болады. Күнделікті тұрмыста пайдаланатын, өзге елге саяхат кезінде қажет ететін, қоғамдық орындарда болған ыңғайсыз жағдайдың алдын алу үшін лайфхактар және тағы басқа көптеген түрлері бар. Солардың ішінде қазіргі уақытта танымалы – шеге терапиясының видеосы. Ал шеге терапиясы деген не? Не үшін осыншама танымалдылыққа ие? Оның пайдасы бар ма? Осы жайында сөз сабақтасақ. Шығу тарихы аскетизм ілімінен, яғни дін жолында осы өмірдің барлық қызығын тәрк етуден бастау алған бұл терапия – ескінің қалдығы десек болады. Шеге терапиясы – шегелері бар арнайы тақтай үстінде жасалынатын ем түрі. «Садху» деп аталатын бұл тақтайдың үстінде тұрған жандардың айтуынша, оның пайдасы көп. Денсаулығыңыз жақсарып, стрестен арыласыз және күш-қуатыңыз артады. Ертедегі қытай әскері бұл әдісті жаттығудан кейін жауынгердің рухын көтеру үшін қолданатын болған. Қазіргі таңда терапияны кез келген жан қабылдай алады, әрі тұтынушылар қорқыныш қана жайсыздық сезімін тудыратынын айтуда. Көптеген адамдар шын мәнінде бұл ессіздік деп түсінгенімен, ем шараға қалайша қызығушылық танытқандарын білмейді. Терапияға көбіне йогамен айналысатын жандар, әр түрлі дене жаттығуларын тұрақты жасаушылар және ғылымға көбірек сенетін студент жастар барады. Пайдасына келетін болсақ, келушілердің көп бөлігі ең бірінші ішіндегі жаман энергиядан арылу үшін келетінін айтады. Яғни бала кезден, жастық шақтан қалып қойған іштегі реніш, ашу-ызаны шығарады. Айтушыларға сенетін болсақ, шегенің үстінде тұрған кездегі дене ауруы жан жарасының ауруын ұмыттырады. Және қалаған адам оқытушыға басынан өткен жағдайын айта алады. Сонда айқайлап айтылатын сөздер мен көз жасы көмектеседі. Өз ренішін жіберген жанның өз-өзіне деген сенімділігі артып, құрметі өседі. Болашаққа құрған жоспарларына нық қадам баса алады. Қоғамның құрған шектеулерінен шығып, өзін дамытады. Демек бұл – стрестен арылу үшін ең пайдалы шешімдердің бірі. Және тағы бір пайдасы ретінде денсаулыққа әсерін айтуға болады. Бәріміз білетіндей, адамның табанында 100-ден аса жүйке жүйесінің нүктелері бар. Шеге үстінде тұру оларға оң әсерін береді. Қаншалықты ұзақ тұрған сайын, соншалықты жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Дегенмен, бұл нәтижеге жету үшін сіздің қан қысымыңыз қалыпты болуы шарт. Және де кейбір кездері дене қызуының жоғарылауы, өздігінен терапия қабылдаған жанның қатты күйзеліске түсуі немесе әртүрлі дене жарақатын алуы мүмкін. Сондықтан арнайы оқытушылар көмегіне жүгінген абзал. Өзіңіз байқағандай арнайы ем алу көптеген күшті, арнайы уақытты және біраз шығынды қажет етеді. Өзіңізді жайсыз сезініп, терапияға барғыңыз келсе, жоғарыдағы мәліметтерді ұмытпаңыз. Г.АЛНИЯЗИНА
06 желтоқсан 2022 ж. 799 0