Қандай заттардан зекет берілмейді?

Күнделікті тіршілікте қолданылатын негізгі қажеттілікке жататын заттардан зекет берілмейді.
Олар:
Баспанасы,үй жиһаздары мен пайдаланатын құралдары;
Ғылым адамдарының кітаптары мен өнер адамдарының аспаптары;
Өзі және әйелі мен балаларына жететін бір айлық (басқа бір риуаятта бір жылдық) азық-түліктері;
Өзі және отбасының киетін киімдері;
Дәрі-дәрмектер;
Егістік және шаруашылықта қолданатын трактор, комбайн, мінетін көлік сияқты техника мен құрал-саймандарынан зекет алынбайды. Бірақ бұл құралдармен жалданып, ақша табатын болса тапқан ақшасынан зекет алынады.