Көпке қамқор қор

Иә, жұмыстар жасалды. Әлі де жасалу үстінде. Бұл қоғамдық қор баспанасызға баспана алып бермесе де жыртығын жамауға жағдай келмеген кейбір жанұяға көмек көрсетуге, қоғамдық орындардағы түрлі шараларға да мейілінше атсалысып келеді. «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» делінген ғой қасиетті Құранда. Бұл тұрғыда қоғамдық қор тарапынан көмекке келіп жүрген жастар қауымына елдің ризашылығы шексіз.
Шарбану есімді қала тұрғыны бүгінде 6 баланың анасы. Көп балалы ана сол перзенттеріне қараумен ақ жұмысқа шыға алмайтынын, мекетеп жасындағы баласының қыстық киімі болмай тұрғанын айтып «Арал Мейірімі» қоғамдық қорынан көмек сұраған жандардың бірі. Әрқашан көмекке әзір «Арзан» сауда үйі өз қаражаты есебінен қыстық кімін алып берді. Алдағы уақытта осындай жандар қоғамдық қор назарынан тыс қалмақ емес. Балалары үшін бәйек болатын ана жүрегі бұл сәтте бір толқығаны анық қой. Өзінің риясыз пейілін көрсетіп, көмекке келген жандарға алғаусыз алғысын білдірді.
Біз мұндай мәселелерге қор құрылғаннан бастап атсалысып келеміз. Көп жерлерде көмекке мұқтаж жандардың алғысын алып жатамыз. Алдымызда 1 наурыз – Алғыс айту күні келе жатқанын ескеріп, біз де өз тарапымыздан біздің жұмысымыздың жүруіне аз да болса үлестерін қосып келе жатқан көптеген жанашыр азаматтарға өз алғысымызды білдіргіміз келеді. Бір мақсат, бір мүдде жолында еңбек етіп келе жатқан барлық белсенділерге, ерікті жастар мен демеуші азаматтарға Алланың нұры жаусын дейімз. Мереке қарсаңына орай әрбір жанұяға амандық, дендеріне саулық тілейіміз.
З.Нұрбаева,
еріктілер тобының мүшесі.