Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Батыр баба - Жанқожа

Батыр баба - Жанқожа

Ерлігі асқақ, арман!
Елін қорғап, айқасқан бастап алдан,
Қайсарлығы көрінген қос жанардан.
Батыр болып бермеген хақын елдің,
Жүзін кіші қылғанмен батыр ердің,
Жүрегін алып қылған басқалардан!
Байтақ мекенді қорғаған,
Тектіден туып терең тарихқа бойлаған,
Еңкуде еңку аласапыран сол заман.
Жігерін жегіп жау жағасына жармасқан,
Атойлап шауып аңыз боп қалған алдаспан.
Жаңқожа батыр өр бабам!
Шабытым шалқып шырқауда,
Хиуалықтардың түсіне кірген дүр тұлға
Маңғаз даламның арланы болған марфуға.
Қохандықтарды қайтарған алып өр кеуде
Батыр бабаның әз ерліктерін көргенде,
Тіл бітер ме екен мылқауға…
«тәуелсіз қазақ» – жемісің,
Қаһарман тұлға көре алмай кеткен жеңісін,
Әруақтап шауып, айқасқан алаш тегі үшін.
Шектіден шыққан шымыр рухты өр жалын,
Шектен шығармай уысында ұстап жауларын,
Шайқасқан батыр ел үшін!
Тажал тағдырға тірескен,
Қаймана жұрттың қайғы, шерімен бір өскен,
Есті ұрпағың шығармас сені бір естен,
Ресей елінің байлық, шенінен бас тартып,
Темір оғына батыл жүрегін қалқан қып,
Әділдік үшін күрескен...
Асқақтап жатыр ұлы ісі,
Қарыштап жатыр апайтөс ердің тынысы.
Өткір найзаның жауына тиген бір ұшы.
Тезгісін көрген, тізеден қарлы ақпанда,
Жау батырының басыннан келіп шапқан да,
Батыр бабамның қылышы!
Арландайын арқырап,
Оғыз даламда есімің жатыр жарқырап,
Қайсар мінезің ерді ерлікке шақырад(ы).
Рухты көзбен қарар болсаңыз мендегі
Жүйрік атының тұяғы тиген жерлері,
Нұрланып жатыр атырап!
Серігің болған тұлпарың,
Кемел тұлғасың шүкірсіз етпес әр таңын.
Омырауына медаль тақпаған оғланым
Жиылып бүгін кие топырақта бар асыл,
Бабаның білген ұғынып сезген бағасын,
Бақытты қандай ұрпағың!
Жаңқожа батыр кемеңгер!
Батылдығымен көпке танылып еленді ер,
Әрбір сөзімді өткен тарихы дәлелдер.
Сол тарихында өшпестей қалған нақ ізі,
Жаңқожа батыр өз заманының абызы!
Жырлай алмасам менен көр…
Қанат СЫРЛЫБАЙ
03 қараша 2024 ж. 90 0