Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ту ұстаған Толыбай батыр

Ту ұстаған Толыбай батыр

Әлеумет, ақ сөйлейін сырымды ашып,Талабым кеткен емес қырын басып.
Бұл күнде орта жасқа орайластым,
Жігіттік шымыр күнгі шыңымды асып.
Заманның зырлай берді көші ілгері,
Бабалар талай өмір көшін көрді.
Дәуірлер алып келді дүбірлетіп,
Тірлікке талай батыр есімдерді.
Арғы атам Әлімұлы Шектіденмін,
Рухым ұлы баба деп білемін.
Қайратын жауға қылған елестетсем,
Елжіреп сала берер от жүрегім.
Үлгі етіп өтті бабам арттағы ісін,
Жуытпай маңайына жат тағысын.
Ұрпағы үшін күрескен бабалардың,
Бұл күнде қылам менде мақтан ісін.
Шектіден дара туған атам Шыңғыс,
Бойында болған екен атан бір күш.
Алланың сүйген құлы осал болмас,
Туғанда болған дейді аузында тіс.
Жақайым сол Шыңғыстан туған бала,
Елі үшін белін бекем буған дара.
Бөлісте Ақшатауды еншілеп ап,
Қонысын елден ерек қылған жаңа.
Жан бопты ел ұйыған батасына,
Рудың билік айтқан шатасына.
Ырза болған қалың жұрт Жақайымның,
"Рахмет дейді екен, атасына".
Ақылға бай кісі екен жан алабы,
Сондықтан болған ерек, дара бағы.
Алланың сүйген құлдан аяры жоқ,
Төрт бала Жақайымнан таралады.
Алғашқы екі бала Ағыс, Көгіс,
Тындырған жандар екен елге көп іс.
Содан соң Ақбурасы,Тоқбурасы,
Міне, осы Жақайымнан шыққан жеміс.
Тарайды әр шаңырақ босағадан,
Болмаған ол заманда осал адам.
Ұлдары өңкей батыр атқа қонған,
Бет бұрам Тоқбураға осы арадан.
Осылай жалғасады көш саналы,
Өткенді бүгінгі ұрпақ еске алады.
Шежіре шертіледі ары қарай,
Тоқбурадан Бердіңғұл бес балалы.
Жаманша Бердіңғұлдың Келісі бар,
Дәуле мен Балталының өрісі бар.
Баласы бес Бердіңғұл бірі Қиық,
Жан екен азаматқа төр ұсынар.
Бабаның өткен жолын саралармыз,
Далиған бабалармен далам аңыз.
Біреуі бес Бердіңғұл Дәуле дедік,
Дәуледен Жылкелді боп тараламыз.
Игілік Жылкелдіден ұлы атамыз,
Айналған адам екен шын аты аңыз.
Бабаның кіндігінен бес бала бар,
Ал енді сол жағынан сыр ашамыз.
Құттыбай, Таттыбай мен Қойлыбаймыз,
Жақсылық, Бөлектермен ой құраймыз.
Ізімен бабалардың салып кеткен,
Берген серт, антымыздан айнымаймыз.
Дұшпаннан беті қайтып ығыспаған,
Қырсыққанды қасапша қылыштаған.
Құт дарып Құттыбайдан шыққан ұрпақ,
Толыбай дара туып, ту ұстаған.
Әркімнің өнегелі арттағы ісі,
Жазылған пешенеге бақ тарысы.
Атақты Толыбай батыр наркескенім,
Алты Әлім, бес Шектінің мақтанышы.
Толыбай ұранымыз ұлықтаған,
Қонысқа ешбір жауын жуытпаған.
Қақпақтай жауырынды батыр баба,
Пардасы бес кісіге жуықтаған.
Мыңбайдың Толыбай ұлы оты бары,
Көрмеген дұшпанына кетіп ары.
Мақтаныш бұл күндері Жақайымға,
Толыбайдың батыр ұлы Көтібары.
Батырлар түскен талай орға, сынға,
Қашаннан берік бопты арға, шынға.
Бұл күнде Мыңбай жатыр иеленіп,
Құт мекен Қотанкөлдің өр басында.
Ажалға кімнің қандай иласы бар,
Бұл менің аталарым сыйға тұрар.
Дәл осы Қотанкөлдің төскейінде,
Толыбай, Көтібардың зираты бар.
Тегімді тыңдаған жан аңдай алар,
Тектілік тұғырымды талдай алар.
Толыбай, Көтібардың рухымен,
Ұрпақпыз мақтанышпен таңда оянар.
Ақ жібін аттамаған адалдықтың,
Сүйенген құдіретіне қалам құттың.
Байыппен бабаларды ұлықтаған,
Оңталап Базаралы-Шабандықпын.
О. Базаралы
17.03.2021 жыл
04 қазан 2022 ж. 1 116 0