«Саған сөз жоқ...»
– Біздің «Ақбасты» ауылында сөз ұстаған қариялар көп болды, – дегенді сыйлас інім Қуанышбай Ердіхалықұлы, – той-домалақта, ас пен садақада Құлжан көке заулайды. Сөйлейтін де сол, бата жасайтын да сол. Тетелес Тілеу інісі оқта-текте, Құлжан шайға бас қойған тұста, екпіндеп, ентелеп өткен-кеткеннен бір-жар қызықты хикаяларды тастап, жібереді. Мұны қош көрмеген Құлжекең: «Әй, Тілеу!.. Мен әнгімемді аяқтағам жоқ, жөнсіз араласпа, өз жолыңды біл» деп ұрысып тастайды.
Осындай оқиға бас қосқан жиын сайын қайталана береді. Тілеу ағасының ескертуін елемей, ентелей алға ұмтылғанда, жанына жайғасқан бір құрдасы арқасынан төмпештеп, «Құлжан өлмей саған сөз жоқ, сөз жоқ!» деп қойып қалыпты.
***
Мен де қариямын. Осы қаланың үлкен шалы да мен шығар. Дастарқанда бата жасаймын. Маған тетелес інілерімнің көзі мөлдіреп кезек күткендей болады.
Өлімді кім жақсы көрсін?! Ендігі кезек сендердікі, құрметті сыйластарым!

«Мен о жаққа кетпей...»
Бұл ұзынқұлақтың хабары. Ол не дейді? Көрші Қазалы ауданында көптен таныс-біліс, ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғалы Бекпанов есімді азамат тұрады. Ол да менің өкшемді басып келеді. Ардагерлер ұйымын басқарғанына едәуір жыл өтті. Облыста үздік төраға екені айтылып жүр. Айтса, айтқандай! Әйтеке би кентін ширек ғасыр басқарды. Тәжірбиесі мол. Өзі де келбетті көркем-ақ. Абысын-ажындар мен балдыздарына да сүйкімді. Есімінің соңғы әрпі «К» келетін бір туысы «Аға шаршаған шығар, орнын алмастырайын» деп, әкім-қараларға құлақ-қағыс етсе керек, мұны есіткен Орекең сәл-пәл қабақ шытып, «Қазіргі қызметімді мен «о жаққа» кеткесін алар» деп бір сілкініпті.
***
– Ореке-ау, о жақты қайтесің, аталарымыздың мың күндік пейіштен, бір күндік тіршілік артық» демеп пе еді?!
– Қайран тіршілік! Оған не жетсін!
***
– Ореке-ау, о жақты қайтесің, аталарымыздың мың күндік пейіштен, бір күндік тіршілік артық» демеп пе еді?!
– Қайран тіршілік! Оған не жетсін!
Ш.ДӘРМАҒАМБЕТҰЛЫ,
дербес зейнеткер