Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі

Немеурін

Дана да дара халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ұлттық мәде­ни­етінде, қасиетті салт-дәстүрінде сый-кәде жасаудың түрлері өте көп және оның әрқайсысының өзіндік ереже, жол-жоралғысы бар деуге болады. Мысалы, көпшілікке өте кеңінен тараған немеурін аталған дәстүр - бұл әке-шеше­сінен, үлкен әулеттен, қара шаңырақтан енші алып, бөлек шыққан жас отбасына айналасындағы жақын туған-туыстарының әдейілеп беретін көмектің атауы. Қазақтың қалыптасан дәстүрлі ортасында үйленіп отбасын құрған ұлдың ата-анасы жас­тарға еншісін беріп, бөлек шығарарда ту­ған-туыстарын құдайы тамаққа шақыра­ды.
Жаңа өмірге бет алған, отау тіккен жастарға туған-туыстары құтты болсын айта келіп, көмек ретінде жаңа тігілген көрпе-жастық, кілем- кілемше сияқты тағы басқа ең қажетті тұрмыстық бұйымдар және төрт-түлік мал түрлерін ала келетін болған. Әрине, мұндай көмек беру туған-туыстарға жүктелетін мін­дет емес, ол әркімнің өз еркімен, жай-жағдайына қарай атқарыла­тын игілікті ісі саналған. Өйткені отау тіккен балаларына енші беріп, бөлек шығару әркімнің басына түсетін жағдай болған­дықтан, қолдағы бар мүмкінкін­дік­теріне қарай жас отбасының аяғынан тік тұрып кетуіне, өз алдына үй болып отыруына көмек беріп, қол ұшын созады. Бұл біздің жұртымыздың туысқаншылдығының, бауырмалдығының, қайырымдылығының, мейірімділігінің бір айқын көрінісі.
Міне, осылайша етжақын ағайын-туыс бол­ып жиылып, жас отбасының аяғынан тұрып, әрі қарай өз алдына үй болып кетуіне мүмкіндігінше көмектесу мақса­тында қол ұшын беріп көмектесуге тыр­ысқан. Бұл дәстүрдің дініміз исламға керағар тұсы жоқ. Керісінше туған-туыс, ағайын-бауырға қол ұшын беріп көмек­тесуге дініміз де бұйырады.
Ерғали АБДУЛЛА
04 наурыз 2025 ж. 144 0