Домбыра – ұлт қазынасы

Кездесуге ақын, жырау, мәдениет саласының үздігі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің оқытушы, бөлім меңгерушісі Рахметов Айдос Сәндібекұлы мен оның жары дәстүрлі әнді дәріптеуші, әнші, ұстаз, көп балалы ана Ерниязова Айнұр Айжігітқызы қатысты.
Ал ұлдары Нөсер Айдосұлы халықаралық Астана Мерей байқауының 1 орын иегері, лауреат, бірнеше республикалық байқаулардың жеңімпазы. Ол 6 жасында "Жас жырау" атанған өнерпаз.
Кеште өнерлі отбасы өнері мен жетістіктері туралы әңгімеледі.
Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz