«Бабадан қалған жақұт жыр» атты жыр кеші өткізілді
2025 жылдың 24 маусым күні Ақбасты елді мекенінде ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің және ҚР «Ерен Еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, Сыр елінің мақтанышы, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері, жырау, ұстаз – Айбек Жақсанұлы Тәңірбергеновтің «Бабадан қалған жақұт жыр» атты жыр кеші өткізілді. Шара барысында «Қират ат» дастанынан үзінді орындалып, жырау Айбек Тәңірбергеновтің шәкірті Хасенхан Кішкенеев және мәдениет орталығының өнерпаздары ән мен жыр-термелерін халыққа арнады.