Еншілес ел Арал менен Қазалы

Қазалы ауданына арнайылып келген Арал аудандық мәдениет орталығы ұжымын Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары жыр-терме орындап, қонақтарға ас ұсынып Әйтеке би кентінің қақпасы алдынан арнайылып күтіп алды. Арал аудандық мәдениет орталығының ұжымы ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар Арал ауданының 95 жылдығына орай "Төгілсін ән-жыр бұлағы" атты концертін Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткізді. Концертті ҚР мәдениет саласының үздігі, белгілі жырау Айбек Тәңірбергенов арнау жырымен ашты. Аудан әкімі М.Оразбаев алғы сөз сөйледі.
Концерттік бағдарлама барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Композиторлар одағының мүшесі, Арал ауданының Құрметті азаматы, күйші, композитор, ақын, жырау Мұрат Сыдықовтың Роза Бағлановаға арнаған "Сыр гүлі" әнін және "Гүлдерайым" халық әнін ҚР мәдениет саласының үздігі, "Еңбек даңқы" медалінің иегері Базар Қостаева орындаса Н.Баекеевтің сөзіне жазылған, Н.Алғашбаевтың "Жүрек сыры" әнін Арал аудандық мәдениет орталығының директоры, жыршы-термеші Айна Тұяқова орындады. Сонымен қатар бағдарламада халық әндері, жыр-терме, күй, Попурри әндер орындалып көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
qazaly.kz