АУДАН ӘКІМІ МҰРАТ СЫДЫҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айта кетейік, 2022 жылы маусым айында Зейнолла Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінен Мұрат Сыдықов атындағы домбыра үйірмесі ашылған. Ал, биыл ақпан айында Арал аудандық мәдениет орталығында «Мұрат жырау» үйірмесі жұмысын бастаған болатын. Қазіргі уақытта үйірмеде 20-дан астам жерігілікті шәкірттерге дәріс беріліп келеді.
Кездесуде белігілі күйші М. Сыдықов үйірмелер жұмысын жандандыру бойынша музыкалық аспаптар және тағы да басқа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді сұрады. Өз кезегінде Серік Сағитжанұлы бұл мәселені шешу үшін жауапты бөлімдерге тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.