Белгілі күйші-композитор, ақын Мұрат Сыдықов атындағы жыр-терме үйірмесі ашылды

Үйірменің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып, бастау алған игі шараның мән-маңызына тоқталып, ұлттық өнеріміздің асқақтай беруіне тілектестігін білдірді.
Шара барысында күйші-композитор Мұрат Сыдықыв жыр-терме үйренуге ниетті үйірмеге қабылданған жас өрендерге арнап батасын берді.
Осылайша жаңа үйірменің лентасы қиылып, үйірмеге қабылданған жастарға киелі домбыра аспабын шертіп, киелі өнердің шертудің қыр-сырын үйрету жұмыстары басталды.
"Толқын" ақпарат