Шаңырақ шаттығын сыйлаған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің құрылтайшысы және акционері ретінде қажетті шараларды атқарып келеді. Банк алғаш рет «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасады. Ал 2004 жылғы «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» атты Жолдауда мемлекеттің тұрғын үй құрылысы саласындағы жаңа саясаты баяндалып, халықтың басым бөлігіне баспана қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысының мәселелерін кешенді шешуге бағытталған «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарғы банк жұмысын жүйелендіре түсті. Осылайша 2005 жылы тарифтік бағдарламалары бойынша алғашқы аралық тұрғын үй заемын беру басталды.
Міне, осылайша жыл өткен сайын жұртшылықты жақсы жаңалығымен қуантып келе жатқан акционерлік қоғам бүгінде қазақстандықтардың сенімді банкіне айналып үлгерген. Еліміздің әр өңірінен жайлы баспанаға қол жеткізген тұрғындардың пікірі осыны анық растайды.

– Атқарып жатқан жұмыстарымыздың қаншалықты нәтижелі екенін халық көзбен көріп, бағамдап отыр. Алайда қанша аралдықтың біз арқылы баспаналы болғанын анық айта алмаймыз. Бұл біздің артықшылығымыз. Ол көрсеткіш республика деңгейінде көрсетіледі. Өйткені баспанаға қол жеткізгендер тек Аралдан ғана емес, еліміздің қай қаласынан болса да тұрғынүйге қол жеткізу мүмкіндігіне ие. Осындай қуаныш сыйлап отқанымызға бақыттымыз, – деп жауап берді. Сондай-ақ У.Қуатбаева:
– Қазірде баспанаға қол жеткізудің түрлі жолы бар. Біз арқылы істеліп жатқан жұмыстар, қолға алынған, жолға қойылған бағдарламалар соның нақты бағыты. Десе де солардың ішіндегі өзектілігі жоғары бағдарламаларға тоқталып кетсем артық болмас. "Отбасы банк" АҚ тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік бағдарламалардың ішінде 5-10-20 форматында жүзеге асып жатқан бағдарламаны ашық айтуға болады. Бағдарлама шарттары бойынша ең төменгі бастапқы жарна ретінде баспана бағасының 10%-ын салсаңыз жеткілікті. 5%-дық заем мөлшерлемесімен 20 жылға дейінгі төлем жасау негізінде баспаналы бола аласыз. Бұл бағдарлама арқылы еліміздің қай өңірінен болса да тұрғын үйге қол жеткізуге мүмкіндік бар.
Сонымен қатар 2-10-20 форматындағы өңірлік бағдарлама арқылы Қызылорда қаласынан қиындықсыз үйлі болуға болады. Бұл бағдарламаға көпбалалы отбасылар, І-ІІ топтағы мүгедектігі бар жандар, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылар мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатысу мүмкіндігіне толықтай ие болады. 10%-дық бастапқы жарнаны салса болғаны, 2% заем мөршерлемесімен 20 жылға төлеп баспанаға қол жеткізеді.
Мұнан бөлек жастарға арналған аймақтық "Сыр жастары" бағдарламасы негізінде де 10% бастапқы жарнаны төлеп, 5% заем мөлшерлемесі біздің банктен үй алуға болады, – дейді.
Мұнан басқа да жақсы жаңалықтармен бөліскен Урлән Рахманқызы балаларға арналған ұлттық қор бағдарламасының тиімділігін де баса айтты. "Отбасы банк" осы маңызды әлеуметтік жобаның уәкілетті операторларының бірі. Enpf-otbasy.kz платформасын пайдалану арқылы 2024 жылдың басынан бастап 18 жасқа толған азаматтар алынған қаражатты пайдалана алады. Оқу ақысына және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға AQYL білім беру жинақтау салымы және "Келешек" бірыңғай ерікті жинаутау жүйесі ашылады. "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі бойынша 5 жастағы балалар үшін бастапқы білім беру капиталы бағытында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 2025 жылы 120 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекет тарапынан бір реттік 472 мың теңге алғашқы жарна салынса, қалған салымшы санаттанына 60 АЕК, яғни 236 мыңге түседі. Бұл бір рет қана берілетінін ұмытпаған дұрыс.
Сондай-ақ бастапқы білім беру капиталын сақтау үшін міндетті шарт – ата-ананың жыл сайынғы жарнасы 12-24 АЕК, яғни биыл 47 184 және 94 368 теңге болуы қажет.
Негізі баспана депозитін ашып, кем дегенде үш жыл қаражат жинап, бағалау көрсеткіш деңгейіне жеткізіп, өзіңізге қажет соманың 50%-ын жинап, нарықтан қалаған үйді төменгі пайызбен алуға болады. Мұнан бөлек Қазақстан бойынша үй кезегіде тұрған азаматтарға "Наурыз" бағдарламасы да тиімділігімен танылып келеді.
Тағы бір ел игілігі үшін үлкен пайдасын тигізіп келе жатқан жобаның бірі жалдамалы субсидия болып отыр. Банкте салымы бар баспанасыз азаматтарға пәтер жалдау ақысына барынша қолайлылық тудырып отырған субсидияның пайдасын көріп отырған қала тұрғыны Ә.Бақтыбай:
– "Отбасы банк" АҚ-да депозит ашып, салым салып келемін. Алайда баспана алуға жеткіліксіз болғандықтан жалдамалы субсидия арқылы пәтер ақысын төлеуге мүмкіндік алып отырмын. Оның тиімділігі мемлекеттің халыққа жасаған жеңілдігінде. Пәтердің көлеміне қарай тағайындалған сомманың 50 пайызын мен төлесем, жартысы мемлекет тарапынан жасалады. Бұл да болса баспанасыз жандардың басындағы қиындықты айтарлықтай жеңілдетіп отыр, – дейді.
Ал нәзік жандыларға арналған "Ұмай" әйелдер ипотекасының қаншалықты тиімділігін қазіргі сұранысынан-ақ анық аңғарсақ болады. Баспанаға қол жеткізсем деген арулардың кезекке таласы өте жоғары.
Міне, уақыт талабымен үндескен, бізбен тілдескен банктың басымдылығы осы жұмыстардан көрініп-ақ тұр. Тәуелсіз елдің әр тұрғыны тұрғын үйлі болсын деп тынымсыз еңбек етіп келе жатқан банктен әлі де тиімді бағдарламалар күтеміз.
Оңталап ЖОЛДАСОВ