Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Бүгін – қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақын поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өскен жері, замана тынысы. Оның «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Соғады жүрек», «Шолпан» және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, «Қош, махаббат!» атты прозалық кітаптары бар.

Сондай-ақ ақиық ақын «Социалистік Қазақстан» газетінің, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды.

Мұқағали Мақатаев – қазақ халқының шоқтығы биік ақыны. Бүгінде оның жырлары миллиондаған оқырманның жүрегіне жол тапты.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
09 ақпан 2026 ж. 69 0