Жаужүрек баба ел жадында
Арал ауданында қазақ халқының азаттығы мен жер тұтастығы жолында ерлік көрсеткен Сартай батыр Байжанұлының туғанына 315 жыл толуына орай «Сартай батыр – ел қорғаны» атты мерейтойлық шаралар өтті.
«Руханият» орталығының алдында ұйымдастырылған тағылымды басқосуға зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, мәдениет қайраткерлері, ел ағалары, арнайы шақырылған қонақтар мен аудан тұрғындары жиналды. Жұртшылық батыр бабаның рухына тағзым етіп, ұлт тарихындағы өшпес ерлік өнегесін дәріптеді.
Салтанат шымылдығы «Мың ғасырға үлгі болған мың бала» атты пролог-қойылыммен ашылды. Сахналық көріністе ел басына күн туған кезеңдердегі ерлік пен бірліктің мәні бейнеленіп, бабалар аманатының ұрпақ алдындағы жауапкершілігі айшықталды. Қойылым көрерменге отаншылдық рух сыйлап, тарихи жадыны жаңғыртудың маңызын көрсетті.
Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов пен аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев құттықтау сөз сөйлеп, батыр бабаның рухына құрмет көрсетті. Сонымен қатар мерейтойға арнайы келген қонақтар мен ортақ іске атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.
Салтанатты шара «Мың бала» әнұранымен түйінделді. Әуен арқылы ұрпақ сабақтастығы мен туған жерге деген сүйіспеншіліктің мәні айқындалып, батырлар рухына тағзым жасалды.
«Руханият» орталығының алдында ұйымдастырылған тағылымды басқосуға зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, мәдениет қайраткерлері, ел ағалары, арнайы шақырылған қонақтар мен аудан тұрғындары жиналды. Жұртшылық батыр бабаның рухына тағзым етіп, ұлт тарихындағы өшпес ерлік өнегесін дәріптеді.
Салтанат шымылдығы «Мың ғасырға үлгі болған мың бала» атты пролог-қойылыммен ашылды. Сахналық көріністе ел басына күн туған кезеңдердегі ерлік пен бірліктің мәні бейнеленіп, бабалар аманатының ұрпақ алдындағы жауапкершілігі айшықталды. Қойылым көрерменге отаншылдық рух сыйлап, тарихи жадыны жаңғыртудың маңызын көрсетті.
Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов пен аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев құттықтау сөз сөйлеп, батыр бабаның рухына құрмет көрсетті. Сонымен қатар мерейтойға арнайы келген қонақтар мен ортақ іске атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.
Салтанатты шара «Мың бала» әнұранымен түйінделді. Әуен арқылы ұрпақ сабақтастығы мен туған жерге деген сүйіспеншіліктің мәні айқындалып, батырлар рухына тағзым жасалды.
Ұрпаққа үлгі баба аманатыСартай батыр Байжанұлының 315 жылдық мерейтойына арналған тағылымды шаралар легі ғылыми-танымдық конференциямен жалғасын тапты. Тарихи басқосу даңқты батырдың өмір жолын зерделеп, ел азаттығы мен жер тұтастығы үшін күрескен тарихи тұлғаның ұлт тарихындағы орнын айқындауға арналды.
Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған конференцияға дейін мәртебелі меймандар батырдың өмірі мен ерлік жолынан сыр шертетін көрмені тамашалады. Көрмеге қойылған тарихи материалдар мен ғалымдардың еңбектері қатысушыларға Сартай батырдың болмысын тереңірек тануға мүмкіндік берді.
Ғасырлар қойнауынан жеткен тарихты жаңғыртып, елдік жолында із қалдырған тұлғалардың өнегесін кейінгі буынға жеткізу – бүгінгі ұрпақтың маңызды міндеті. Осы мақсатты көздеген ғылыми жиынға еліміздің танымал тарихшылары, әдебиеттанушылар, фольклортанушылар, зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері және өңірлерден арнайы келген делегациялар қатысты.
Конференцияға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев төрағалық етті. Басқосудың ашылуында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов сөз сөйлеп, тарихи тұлғаларды дәріптеу, ұлттық құндылықтарды сақтау және тарихи сананы қалыптастыру бағытындағы мұндай шаралардың маңызына тоқталды.
Ғылыми жиынның мазмұнын елімізге танымал ғалымдардың баяндамалары байыта түсті. Олардың қатарында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері Зиябек Қабылдинов пен Берекет Кәрібаев, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Шәріп, филология ғылымдарының кандидаты, фольклортанушы ғалым, эпик жыршы Берік Жүсіпов, тарих ғылымдарының кандидаты, Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институтының бас ғылыми қызметкері Жәнібек Исмурзин болды.
Сондай-ақ Ақтөбе мен Ұлытау облыстарының Шалқар, Ырғыз аудандарынан, көршілес Қазалы ауданынан келген өкілдер де тарихи басқосуға қатысып, ортақ мұраны ұлықтауға үлес қосты.
Көрнекті ғалымдардың қатысуымен өткен конференция Сартай батырдың есімін ұлықтаумен ғана шектелмей, ұлттық тарихты танудың, тарихи деректерді жүйелеудің және рухани мұраны ғылыми айналымға енгізудің өзектілігін көрсетті. Тарихшылар мен әдебиет зерттеушілерінің ой тоғыстыруы батыр бейнесін халық жадындағы қаһармандық ұғымымен қатар, нақты тарихи кезең аясында қарастыруға жол ашты.
Сартай батырдың 315 жылдығына арналған ғылыми басқосу – тарихи жадыны жаңғыртып, елдік мұраны дәріптеуге бағытталған маңызды қадам. Осындай кездесулердің нәтижесінде ұлт тарихындағы тұлғалар туралы білім толығып, ұрпақтар сабақтастығының арқауы нығая түседі.
Ерліктің өшпес ізі жыршылар жүрегінде
Сартай батыр Байжанұлының туғанына 315 жыл толуына арналған «Сартай батыр – ел қорғаны» атты мерейтойлық шарасы «Ерлік дастаны – жыр додасында» атты аймақтық жыршылар фестиваліне ұласты. Рухани басқосуда жыршы-жыраулар батыр бабаның ерлік жолын әуезді мақаммен толғап, ұлттық өнердің өнегесін көрсетті. Өнер додасында Қызылорда облысы мен өзге өңірлерден келген жыршылар қатысып, Сартай батыр туралы дастаннан үзінділер орындады.
Сахна төрінде Қызылорда қаласынан Шолпан Бейімбетова, Арал ауданынан Айбек Тәңірбергенов пен Абылайхан Бектасов, Қармақшы ауданынан Руслан Өтегенов, Ақтөбе облысынан Демеубай Жолымбетов, Шиелі ауданынан Мұхамедәлі Бекпейісов, Астана қаласынан Күнсұлу Түрікпенова, Қазалы ауданынан Тұрар Айдос және Қызылорда қаласындағы Жыраулар үйінің жыршысы Әділхан Қуаңбаев өнер көрсетті. Фестивальдің жүргізушілік тізгінін белгілі жыршы Марат Сүгірбаев ұстады.
Он өнерпаз кезекпен жыр толғап, әрқайсысы өзіне тән орындау мәнері мен мақамын танытты. Жыр жолдарынан туған жерге деген перзенттік сүйіспеншілік, ел тыныштығы үшін күрескен ерлерге деген құрмет және атадан балаға жалғасқан рухани мұраның құндылығы айқын сезілді. Көрермендер де жыршылардың өнеріне ықылас танытып, ұлттық сөз өнерінің тереңдігіне тәнті болды.
Рухани кештің шырайын келтірген сәттердің бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Арал ауданының Құрметті азаматы Елмұра Жаңабергенованың өнер көрсетуі. «Парасат» орденінің иегері атанған өнер иесі тағылымы мол термесін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар мемлекеттік наградаға ие болуына орай оған құрмет көрсетілді.
Фестивальдің қорытындысында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қатысушылар мен қонақтарға алғысын білдіріп, тарихи мұраны сақтау мен ұлттық өнерді дәріптеудің маңыздылығына тоқталды. Салтанатты жиында фестивальге қатысқан жыршыларға аудан әкімінің алғыс хаттары табысталып, олардың өнеріне құрмет көрсетілді.
Бозкілемдегі бүгінгі батырлар
Сартай Байжанұлының 315 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған еркін күрестен республикалық ашық турнирі өтіп, кіл мықтылар шын мықтыны анықтады. 2014–2015 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы бәсекеге еліміздің әр өңірінен келген жас балуандар қатысып, боз кілемде өз шеберліктерін көрсетті.
Тартысты белдесулер барысында әр салмақ дәрежесінде үздік шыққан спортшылар анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша 20 келіде аманөткелдік Батырхан Алдияр, 23 келіде Ақтөбе қаласынан келген Мейіржан Жақсыбекұлы, 26келідешижағалық Ақниет Айболатұлы, 29 келіде қызылордалық Аңсар Аңсатұлы, 32 келіде шардаралық Мейрамбек Раян, 35 келіде кентаулық Саян Құттыбаев, 38 келіде қамыстыбастық Санжар Аманқостар жеңімпаз атанса, 41, 45 және 45 келіден жоғары салмақтаатыраулық Сулейман Саламатұлы, ақтөбелік Дамир Төлеген, Атырау қаласынан келген Абылай Амантайұлы алтыннан алқа тақты. Жарыс жеңімпаздары арнайы марапаттар мен дипломдарға ие болды.
Жас балуандардың басын қосқан республикалық дода олардың спорттық шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар ұлттық спортты насихаттауға, өскелең ұрпақтың бойында қайсарлық, табандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды. Сартай батырдың ерлік жолын ұлықтаған жарыс жас спортшылардың жеңіске деген жігерін шыңдап, бұқаралық спорттың дамуына серпін берді.
Даланы дүбірлеткен дүлдүлдер додасы
Батыр бабаның туғанына 315 жыл толуына орай Арал қаласының іргесіндегі ипподромда облыстық ат бәйгесі өтті. Ұлттық спортты ұлықтаған дүбірлі додаға Қызылорда облысының әр аймағынан келген шабандоздар қатысып, жүйріктердің бабын, тұлпарлардың төзімін сынға салды.
Тарихи тұлғаның мерейтойына арналған жарыс – ата-баба дәстүрін дәріптеп, ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың тағылымды үлгісі. Шараның басты мақсаты – Сартай батырдың ерлік жолына құрмет көрсету, ат спортының дамуына үлес қосу және төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігі саналатын бәйге өнерін жас ұрпаққа насихаттау.
Жарыс үш бағыт бойынша ұйымдастырылып, тай жарысы, құнан бәйге және аламан бәйгеде сәйгүліктер өзара бақ сынады. Әр қашықтықта шабандоздар шеберлігін танытып, тұлпарлар жүйріктігімен ерекшеленді. Әсіресе ұзақ қашықтыққа созылған аламан бәйге көрермендердің қызығушылығын арттырып, жанкүйерлерге тартысты сәттер сыйлады.
Бәйге қорытындысы бойынша тай жарысы Қазалы ауданы, Шилі ауылынан келген Қасқырбай Ерболат, құнан бәйгеде Арал қаласынан қатысқан Рамазан Нұрлыбайұлы, аламан бәйгеде аралқұмдық Төлемісовтер әулеті оза шауып, бас бәйгені қанжығасына байлады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне аудан әкімдігі және демеушілер атынан қаржылай сыйлықтар табысталды. Ал аламан бәйгенің бас жүлдесі ретінде LADA GRANTA автокөлігі берілді.
Сартай батырдың мерейтойына орай өткен ат бәйгесі – ұлттық мұраны ұлықтап, елдік дәстүрді дәріптеген тағылымды шара. Дүбірлі додада жүйріктердің бағы мен шабандоздардың шеберлігі сыналса, көрермен қауым атадан балаға жалғасқан бәйге өнерінің қадір-қасиетіне тағы бір мәрте куә болды. Мұндай шаралар ұлттық спорттың өрісін кеңейтіп қана қоймай, тарихи тұлғалар рухына тағзым етіп, ұрпақ сабақтастығын нығайтуға жол ашады.
Қала орталығындағы көңілді кешСартай батыр Байжанұлының 315 жылдығына арналған «Ұлт қаһарманы – Сартай батыр» атты мерейтой аясындағы бүгінгі шаралар кешкілік мерекелік гала-концертпен түйінделді. Көптің көңіл сарайын жадыратқан тағылымды кешке қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, батыр бабаның рухына тағзым етті. Мерекелік шараның басты мақсаты – Сартай батырдың ерлік жолын ұлықтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тарихи мұраны кейінгі ұрпаққа насихаттау.
Салтанатты кештің шымылдығы «Ұлы дала» атты қазақ биімен ашылды. Одан кейін жергілікті өнерпаздар көрерменге ән мен күйден, ұлттық нақыштағы би өнерінен мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды.
Мерекелік кештің шырайын Қазақстанның белгілі өнер иелері аша түсті. Сахна төріне дәстүрлі әнші, жыршы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Арал ауданының Құрметті азаматы Елмұра Жаңабергенова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Асқар Мұқият, жыршы Күнсұлу Түрікпен және Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Жұбаныш Жексенұлы шығып, өнер көрсетті. Олардың орындауындағы әндер көрерменге рухани әсер сыйлап, ұлттық өнердің қадір-қасиетін айшықтай түсті.
Шара барысында Сартай батырдың тарихи тұлғасы мен ерлік жолының ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына айрықша мән берілді. Елін қорғап, жерінің тұтастығы үшін күрескен батыр бабалардың өнегесі бүгінгі ұрпақ үшін отансүйгіштік пен елдік рухтың үлгісі екені атап өтілді.
Сондай-ақ мерейтойлық іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдіріп, туған жердің тарихын ұлықтауға, ұлттық мұраны дәріптеуге және елдік бастамаларды қолдауға үлес қосқан азаматтардың еңбегі ерекше бағаланды.
Кештен алған ерекше әсерімен бөліскен қала тұрғыны Сағидуллаева Сымбат:
– Бүгінгі мерекелік гала-концерт өте жоғары деңгейде өтті. Сахна төріндегі әрбір өнерпаздың орындауы жүрекке жетіп, ерекше патриоттық сезім ұялатты. Батыр бабамыздың рухын ұлықтаған кеш бізге үлкен рухани азық, ұмытылмас әсер сыйлады. Ұйымдастырушыларға да, сахнада өнер көрсеткен біртуар өнер иелеріне де айтар алғысымыз шексіз. Кеш өте күшті, әсерлі әрі жоғары талғаммен өткізілді, — деп ағынан жарылды.
Сартай батыр Байжанұлының 315 жылдығына арналған гала-концерт тарихи тұлғаның есімін ұлықтап қана қоймай, ел бірлігін нығайтуға, ұлттық өнерді дәріптеуге және жас ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік пен перзенттік мақтаныш сезімін арттыруға бағытталған тағылымды шара. Туған топырақтың ардақты перзенттерін ұлықтаған мерейлі сәттер ел жадында ұзақ сақталып, келешек ұрпаққа отансүйгіштіктің өшпес өнегесі болып қала бермек.
Оңталап ЖОЛДАСОВ,
Гүлмарал САҚТАПОВА
Гүлмарал САҚТАПОВА











