Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ұстаздарға мың алғыс!

Ұстаздарға мың алғыс!

Тоқсан жылға жуық тарихы бар аудандық «Толқын» газеті – қашанда оқырманымен бай. Соның ішінде оқырмандары көп шоғырланған іргелі Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектептің ашылғанына биыл 80 жыл толады. Аталмыш басылым салмақты, сараптамалық саяси оқиғаларды насихаттап, мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқанын, өңірде қолға алынған игі істерді тұрғындарға жеткізіп, әрі толғандырған түрлі тақырыптағы материалдарды да үздіксіз жариялап келеді. Осыған орай, ардагер журналист ретінде осыдан ширек ғасыр бұрын осы мектепті «Алтын белгімен» тәмамдаған кейіпкеріммен сұхбаттасқан едім.
Америка мен Англияның үздік оқу орындарында білім алып, 5 тілді меңгерген жерлесімізді әрі аталмыш мектептің мақтаныш түлегі Ғани Берекетұлы Тоқсанбаевтың өмір жолын биылғы 11 жылдықты тәмамдап, үлкен өмірге қадам басқалы отырған жастарға тағылым болсын деген оймен әңгімеге тартқан едік. Сұхбаттың мақсаты–ұлттық сана-сезімі жоғары, өресі биік, мәдениетті, парасатты, білімді адамдар ортасын және жастардың білімге деген құштарлығын оятатын жаңа буынды қалыптастырып, мақтаныш түлектің тә- жірибесін насихаттау болатын.
–Ғани Берекетұлы, алғашқы сауалым отбасыңыз, ата-анаңыз жөнінде тоқталып өтсеңіз...
– Мен 1976 жылдың қарашасында Арал қаласында дүниеге келдім. Сыр өңі- рінің шайыры Қарасақал Ерімбет баба- ның ұрпағы Берекет Тоқсанбаевтың ұлы- мын. Әкем 40 жылдан астам медицина саласында еңбек еткен дәрігер- ардагер. Оқушы кезден әкем ел қатарлы білім алып, өмірден өз орнымызды табуымызға қамқорлығын жасап, тілегімізді тілеп, мейірім-шапағатын төкті. Анам Дараш Ақ- қасинқызы Сұлтанбаева – ұстаз, ағылшын тілінің үздік маманы. Өз үлгісімен еңбек- қорлыққа тәрбиелеп, мектепте де, уни- верситетте де өте жақсы оқуыма қолынан келген жағдайын жасап, мен үшін суға да түсіп, отқа да күйді. Анамның арқа- сында мектеп қабырғасында-ақ ағылшын тілін өте жақсы меңгердім. Алматыда ең мықты оқу орындарында сол қалада ар- найы ағылшын мектептерін бітірген оқу- шылармен тең қатарлы оқыдым. Содан кейін ағылшын тілін өте жетік меңгер - генімінң арқасында екінші курстан бас- тап-ақ тілмаш ретінде жұмыс істей баста- дым. Кейінірек өз мамандығым бойынша алғашқы жұмысқа орналасуға да үлкен мүмкіндік алдым. Анам менің жан-жақты маман ретінде қалыптасуыма тікелей ат- салысты. Ақыл-кеңесін берген туған наға- шым, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Құдайберген Сұлтанбаев еді. Қазір анам да, нағашым да ортамызда жоқ.
Мен №13 орта мектепті 1993 жылы «Алтын белгіге» бітірдім. Тілегімді тілеген ата-анам да жоғары оқу орнына түскенде, менімен бірге Алматыға отбасымен қоныс аударды. Әсіресе, шешем жанымда жүріп, бар ынтамен оқуыма қолынан келгенше көмектесуге тырысты. Сыртта жүргенде де шешем мені әрбір намазы мен әрбір дұғасына қосып, тілегімді тілеп отыратын. Менің жетістіктерім Алланың ол кісінің дұғаларына берген жауабы деп білемін. Өйткені ананың балаға деген дұғасы, міндетті түрде қабылданатын үш дұғаның бірі ғой. Анам 40 жылдан астам ағылшын тілінен сабақ беріп, өзім болмасам да, балаларым сол Англияны көрсе, оқыса екен деп армандайтын. Алла ол кісінің тіле- гін мен арқылы қабыл еткеніне ризамын.
– Ғани бауырым, биыл іргетасы қалан­ ғанына 80 жыл толып отырған мектебің, ұстаздарың жайлы айтып берсеңіз.
–Иә, дұрыс айтасыз. Өткен өміріме көз жүгіртсем, есімді білген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін жанымда үнемі жақсы ұстаздар болыпты. «Ұстаз – ұлы тұлға» демекші, білімпаз шәкірт болуыма ең алғашқы ұстаздарымның берген тәлімтәрбиесі зор. «Білім негізі – бастауышта» деп әсте тегін айтпаған ғой. Мен бірінші сыныпты Шижағада тәмамдап, №13 мек- тептің табалдырығын екінші сыныптан аттадым. Сол кездегі мектеп директоры болған Сайлау Жетпісбаев ағайым мен бастауыш сынып жетекшіміз Мәрия апай әлі есімде. Ол кісілердің сол кездеақ менің алғырлығымды ерте байқап, дұрыс ынталандыра білгендеріне мың алғыс айтамын. №13 орта мектеп қала- дағы алғашқы мықты білім ордасы бол- ғанын мақтан етемін. Мен оқыған кезде №13 мектеп өз саласындағы ең мықты мұ- ғалімдердің шоғырланған орталығы болды деп айтсам да артық айтқандығым емес. Ұлағатты ұлы елімнің ұл-қыздарына тәлімтәрбие берген математика мен физика пәндерінен Әмір Берсүгіров, Алданыш Әбжалиев, Еділ Төлебаев ағайларымыз бен қазақ тілі мен әдебиет пәнінен Бибіғатша Жұбаназарова, Өтеген Ермағанбетов және Алдаш Әбілов, xимиядан Асыл Маxутова және еңбек пәнінен Аманжол Жолмағамбетов, тариxтан Әбіл Қуат- баев сынды ұстаздарымның алдарында басымды иемін. Олардан алған адамгер- шілік тәрбием де орасан зор. Ұстазда- рымның әрқайсысы өз саласының мықты мамандары болды. Оның дәлелі, сол кісі- лерден алған білімімнің арқасында мен Қазақстандағы сол кездегі ең мықты жоға- ры оқу орындарында – Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің xалықаралық экономика факультетіне және Қазақстан Заң институтының (қазір академия) xалықаралық құқықтану факультетіне тесттен ең жоғарғы баға алып, үш бірдей жоғарғы оқу орнына бір мезетте қабылдандым. Айта кету керек, бұл сол кездегі конкурсы ең көп факультеттер болатын, шамамен бір орынға 10-15 үміткер тапсыратын.
80 жылдық мерейтой қарсаңында биыл мектеп бітіргеніме 26 жыл толады. Ұстаздарымның біразын кездестіремін деген ойдамын. Алтын ұя мектебімдегі ұстаздарымнан алған терең білімім мен аяулы ата- анамның арқасында Алматыда да мен 1997-1998 жылдары үш жоғары оқу орнына қатарынан түстім. Оның ішінде жоғарыда аталған университеттерге қоса Қазақ құқықтану және халықаралық институты да бар еді. Сол институттың халықаралық заң факультетін 1997 жылы ең үздік студент ретінде аяқтадым. Бірақ ерте еңбек жолын бастағандықтан, экономика бағыттағы оқуымды тоқтата тұруға тура келді. Бірақ оны кейін ыңғайы түскенде қайта жалғастырамын деп ойладым.
– Әрине, білім қуған жас маман ретінде аралдықтарды шетелде заң және құқық салаларын ағылшын тілінде меңгергеніңіз көпті қызықтырады. Қандай-қандай оқу орындарында терең білім алдыңыз?
– Көңілімді заң саласына аудардым. Менің ойымша, бұл салада біраз жетіс- тіктерге жеткен сияқтымын. Қысқаша айтсам, алдында айтып өткендей Әді- лет министрлігінде 1996 жылы стажер- лық жұмыстан бастап, бір жыл заңнама департаментінде директордың орын- басары лауазымына дейін өстім. Одан кейін, министрлікке қарайтын Ұлттық заң агенттігінің президенті де болып қызмет атқардым. Бірақ мұндай жоғары лауазымдарға қарамай, Абай атамыз өсиет еткендей, атақ қумай, жас кезімде білімімді жетілдіргенді жадым қалады. Сондықтан да шетелде оқу мүмкіндігі пайда болған кезде, талпынып, 1998-1999 жылдары Вирджиния университетінің заң мектебінің магистратурасын бітір- дім. Вирджиния университеті – заң саласында Американың ең үздік 10 оқу орындарының бірі. Және де ол мектеп- ке мен «Болашақ» бағдарламасы арқылы емес, керісінше, АҚШ үкіметінің шетел- дік үздік студенттерге бөлінетін Musкіе бағдарламасы арқылы түстім. Ол кезде «Болашақ» арқылы шетелге жүздеген тү- лектер барып жатса, Muskie бағдарламасы арқылы жылына бүкіл Қазақстанға үш орын ғана бөлінетін. Мен сол магистрату- раны бітірген ең жас түлек болдым.
Бертін келе, сол заң фирмасында жүрген кезімде, тек қана Қазақстан заң- гері емес, Англияның заңгері болуға бел будым. Ол шешіміме менің шетелдік әріптестерімнің зор ықпалы тиді. Бірақ Англияда заң саласында жұмыс істеу үшін біздің, тіпті Американың да білімі мен дипломы жеткіліксіз. Англия заң саласында тек өз университеттерін ғана мойындайды. Сондықтан, маған қайтадан 2 жыл Англияда қосымша оқуыма тура келді, содан кейін де ол елдің талабы бойынша әрбір үміткер 2 жыл бойы заң саласында Англия елінде практикадан өтуі тиіс. Сол арманымның жолында мен Англияға төрт жылға аттандым. Бірақ, сол кезең мен үшін ең қызықты да жауап- ты жылдар болды. Біріншіден, менің жо- лым түсіп оқуымды әлемнің ең үздік университеті – Оксфорд университетінің заң институтында жалғастырдым. Окс- форд университетін бітірген алғашқы қазақтың бірі болғанымды мақтан ете- мін. Сол Оксфордтың заң институтын үздік бітіріп, екі жыл сол баяғы Дентон фирмасының Лондондағы әйгілі Ситидегі бас офисінде тәжірибе жинадым. Сөйтіп, 2006 жылы Англия мен Уэлс заңгерлер ассоциациясына мүше болып, «Англияның заңгері» деген лицензиясына ие болдым. Сол кезде Англияда заңгер лицензиясына иеленгенменіммен қатар, Қазақстан түгіл, бүкіл ТМД елдерінен Ресейді қоса алғанда оншақты ғана жас болғанын айта кетуім керек.
–Ғани Берекетұлы, жалпы арман адастырмайды ғой. Алдыңа үлкен арман қойып, сол мақсатыңа жетуге үлкен еңбек етіпсің. Сол сәттіліктермен өрілген өмір жолыңыз онан әрі қарай қалай өрбіді?
–Өзіңіз білесіз, Лондондағы Сити – әлемнің ең үлкен де дамыған қаржы орталығы. Ситиде әлемдегі ең мықты банктер мен қаржы институттарының бас офистері орналасқан. Мен заңгер ретінде сол банктермен көп араласып жүріп, сол инвестициялық банкирлердің мамандықтарына қатты қызығушылық таныттым. Бірақ, ол басқа әрі ерекше жауапты мамандық. Ол үшін он жылға жуық заң саласында жинаған тәжірибемді ысырып қойып, бәрін қайтадан бастау керек болды. Қызығы, одан жасыған жоқпын. Әрқашан да жаңа білімге, жаңа ұмтылысқа құмарлығым арта түсті. Сондықтан да, Швейцарияның ең үлкен инвестициялық банкі – Кредит Суисстен маған ұсыныс түскенде мен көп ойланбай, сол банктің Лондондағы офисінде банкир ретінде жаңа жұмысымды бастадым. Мұндай қызметке орналасу шынын айту керек, Англияда оқып жүрген әр студент- тің арманы болатын. Бір қызығы, менің Дентон заң фирмасындағы әріптестерім мен партнерлардың көбісі ақ нәсілді Ан- глияның тумалары болса, Кредит Суиссте бүкіл әлемнен жиылған ең озық, білімді жастар еді. Оның ішінде Түркиядан, Ресейден, Араб елдерінен, Италия мен Франциядан келген мықты да білікті жастар болды. Менің пайымдауымша, сол кезде Кредит Суиссте менен басқа бір қазақ жоқ еді. Осындай керемет орталықта менің финанс саласындағы қызметім жаңадан басталғанына Аллаға сансыз шүкірлік етіп, риза болдым. Кредит Суисте алған тәжірибем әлі күнге дейін көмектесіп келе жатыр. Кредит Суисстің Лондон офисінде екі жылдай жұмыс атқарып, сол банктің Қазақстанда өкілеттілік офисін ашуға атсалыстым. Сол офис ашылғанда, 2009 жылы (Англияда 7 жыл өмір сүріп), елге қайтуды жөн көрдім. Бір жағынан, жас келген сайын алған білімім мен тәжірибемді ел-жұрттың қамына жарата алсам деген ой келді, екінші жағынан, шешемнің денсаулығы сыр беріп, сол кісінің жанында болғаным дұрыс болар деп шештім. Кредит Суисстің Алматыдағы офисінде мен екі-үш жылдай қызмет атқа- рып, қазақстандық мемлекеттік және жеке компанияларға шетелдік қомақты инвестициялар тартуға атсалыстым. Одан кейін 2013 жылы жергілікті «Қазақ» бан- кінің директорлар кеңесінің мүшесі ретінде тағайындалдым. 2016 жылы банк алдыңғы менеджменттің бұрыс әрекет- терінің салдарынан дағдарысқа ұшырап, банк акционерлері мені кризис менеджер ретінде банктің төрағасы етіп тағайын- дады. Ол жұмыстан кеткеніме де бір жылдың шамасы болды. Ендігі кезде мен өзімнің көптен жоспарлап жүрген жеке бизнес жобаларымды жүзеге асырудамын. Алдағы үлкен жоспарларым туралы да жақында ести аласыздар.
Менің мектептен кейінгі 25 жылғы профессионалдық карьерама қысқаша шолу осындай. Осыны мақтан үшін емес, мектепті енді бітіріп жатқан түлектерге тағылым болсын деп және Сіздерді аңсаған армандарыңа жетелейтін жолда жігер- лендіру үшін айтып отырмын. Аралдан шығып, Оксфордта да оқуға болады, Арал- дан шығып, Лондондағы Ситиде де, УоллСтритте де, керек болса Гуглда жұмыс істеуге болады. Тек өз-өзіңді, өзіңнің мүмкіншіліктеріңді шектемегенің ләзім. «Талапты ерге нұр жауады».
Әрине, банк пен заң саласындағы терең білімім, қазақстандық және халық- аралық қаржы құрылымдарынан алған тәжірибемнің негізгі іргетасы, банк сала- сының жауапты қызметінде алда жүруім, сол қол жеткізген жетістіктерімнің басын- да №13 орта мектептегі білікті матема- тика, физика, химия және шет тілдері пәндерінің білікті ұстаздарым берген білімімнің арқасы екенін айтуым керек. Сол үшін де мектеп ұжымына мың алғыс Сіздерге, құрметті ұстаздар, қолдау көр- сеткен сыныптастарыма, демеу жасап атаанамдай тілекші болған барша ата-аналар қауымына ыстық сәлемімді жолдаймын.
–Ғани Берекетұлы, отбасыңыз туралы айтып берсеңіз...
–Мен шынын айту керек, шет елде оқумен, жұмыспен көп жүріп, өте кеш отау құрдым. Тәңір қосқан жарым осыдан бір жарым жыл бұрын ұл сыйлады. Есімін нағашы атамның құрметіне «Аққасин» деп қойдым. Айта кету керек, Аққасин атам он саусағынан өнері тамған жырау кісі болған. Домбырада да, сырнайда да ойнаған. Ол кісі сахнаға өзі қолын жет- кізе алмағандықтан, бар өнерін туған інісі Құдайберген Сұлтанбаевқа мұра қылып үйреткен. Құдайберген ағамыз өз естелігінде өнердегі ең алғашқы да, ең үлкен тәлімгері сол Аққасин атамыз екендігін айтып кетті. Алла сол кісілердің өнерін, даналығы мен елшілдігін ұлыма дарытқай деп атын қойдым.
– Сізді аралдықтар банк секторының ірі өкілі ретінде мақтан тұтады. Аудан шежіресі іспетті өзіңізден сыр-сұхбат алып отырған «Толқын» газетінің 90 жылдық торқалы тойы қарсаңында шығарылатын «Мың бала және Жылқаман батыр» және аталмыш мектептің 80 жылдығына орай шығарылатын «Қара шаңыраққа–80 жыл» атты кітаптарға демеуші болуға шақыра отырып, биылғы Жастар жылы аясында, өзің оқыған мектептің 80 жылдығына орай аяулы ұстаздарыңа және жастарға айтар тілегіңіз...
–Адамды өсіретін талап пен еңбек және иман екен. Әрине, оқу да үлкен еңбекті, табандылықты талап етеді. Ме- нің өмір бойы ізденіп, білім алуым тәуел- сіздіктің ақ таңы атқанының арқасы, сосын осы өмір бойы еңбектенуімнің жемісі. Сондықтан, жас ұрпаққа оқу оқып, жұмыстан қашпаңдар, сабырлы, шыдамды болыңыздар дегім келеді. Иә «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой» деп бір ғасырдан астам уақыт бұрын хакім Абай атамыз айтқан ғой.
Қадірлі де қымбатты, аяулы ұстазда- рым! Сіздердің егемен еліміздің игілігі болашақ ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге жеміс пен жетістік, денде- ріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Адам баласының қай-қайсысы да Алла тағаланың ерекше туындысы ғой. Сол ерекше адамдарға ерекше бақыт, қуаныш, шаттық тілеймін. Босағаларыңыздан бақ-береке кетпесін, аралдық ағайындар.
–Салиқалы әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан Құндыз Дәуітова,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Суретте: Ғани Тоқсанбаев
28 мамыр 2019 ж. 728 0