Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Лаура ҚОЛҒАНАТҚЫЗЫ: Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Лаура ҚОЛҒАНАТҚЫЗЫ: Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Президент 2022 жылы Қазақстан халқына Жолдауында базалық және ең жоғары зейнетақыны көтеруді тапсырған болатын. Сол уақытта осы бағыттағы жұмыстар аясында алдағы үш жылда жалпы зейнетақы 27 процентке өсуі керек деген болатын. Атқарылған жұмыстар қай деңгейде жүріп жатқанын білу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімінің басшысы Лаура Ибраимовамен сұхбаттасқан болатынбыз.
– Лаура Қолғанатқызы, қайырлы күн! Әне-міне дегенше жаңа 2025 жылға қадам басқалы отырмыз. Жыл аяғында өзіңізбен келер жылы зейнетақы мен жәрдемақы алушыларды қандай жаңалықтар күтіп тұрғанын айтып өтсеңіз.
Қайырлы күн! Расында соңғы жылдары зейнетақы мен жәрдемақыда тұрақты өсім барын білесіздер. Жарын да бұл төлемдер өседі. Ашып айтар болсақ «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932теңге мөлшерінде, ең төменгі зейнетақы – 62 771теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 46 228 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге болады. Жасы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 8,5 %-ға артады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 АЕК-ні (216 260 теңге) құрайды. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 205 бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді. Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы (65 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 110 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
– Еңбеккерлер келер жылдан не күтсе болады?
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпы еңбек өтілі 30 жыл және одан жоғары болса, күнкөріс деңгейіне сәйкес ең жоғары базалық зейнетақы мөлшері 50 851 теңгені құрайды. Бұл жаңа тағайындалған зейнеткерлерге және 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарға да қатысты. Мүгедектігіне және  асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, оның ішінде Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және түзеу мекемелерінде орналасқан адамдар үшін Кодексінің 177 және 236-баптарында көзделген мөлшерде 2025 жылғы 1 қаңтарда ЕТКД мөлшерінің ұлғаюына байланысты (46228 теңге) жоғарылатылады. Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы I топ – 101702 теңге,  II топ – 81362теңге,  III топ – 55474теңге болады. 7 жасқа дейін бала мүгедегі – 74428 теңге, 7 жастан 18 жасқа дейін I топ – 101702теңге,  II топ – 84598 теңге,  III топ – 74428теңгені құрайды.
Мұнан бөлек әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге I топ –148855теңге, IІ топ – 127127 теңге, III топ – 106787 теңге алса, мүгедек баланың күтіміне 74428 теңге, І ші топ мүгедек күтімі 74428 теңге төленеді.
Асыраушысынан айырылуына байланысты бір балаға 42530 теңге, екі балаға 78588 теңге, үш балаға 104013 теңге, төрт балаға 120193 теңге, бес балаға 127127 теңге, алты және одан жоғары балаға 138684 теңге жәрдемақы беріледі. Тұлдыр жетім бір балаға – 71192 теңге, екі балаға – 142383 теңге, үш балаға – 213574 теңге, төрт балаға – 284765 теңге, бес балаға – 355956 теңге, алты балаға – 427147 теңге, жеті балаға – 498338 теңге, сегіз және одан жоғары балаға – 569529 теңге төленеді.
– Бала күтіміне байланысты жәрдемақыдағы өсімі қандай болмақ?
– Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады,  ал  №1, №2  тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақының бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жарым жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақысы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.
Бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы төрт балаға дейін 149416 теңге болса, төрт және одан да жоғары бала туғанда 247716 теңге болады.
Ал бір жарым жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға – 22649 теңге, екінші балаға – 26777 теңге, үшінші балаға – 30867 теңге, төртінші және одан да жоғары балаға – 34995 теңге төленеді.
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар, барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. Ол төмендегіше болмақ. Төрт баласы бар отбасыларға – 63030 теңге, бес баласы бар отбасыларға – 78798 теңге, алты баласы бар отбасыларға – 94565 теңге, жеті баласы бар отбасыларға – 110332 теңге, сегіз баласы бар отбасыларға – 125824 теңге, тоғыз баласы бар отбасыларға – 141552 теңге, он баласы бар отбасыларға – 157280 теңге төленеді.
Көп балалы ана «Алтын алқа», «Батыр ана», «1,2 дәрежелі Ана даңқы» орден иегерлеріне 29097 теңге,  «Күміс алқа» алған аналарға – 25165 теңге төленеді.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қарашадағы № 970 қаулысына сәйкес 2025 жылы 1 қаңтарынан бастап 6,5 % артатын болады.
– Жаңа жылдан бастап өзгеретін бұл төлемдердің уақытыл түсуіне кедергі болмайды ма? Ол жағы ауданда қалай жүріп жатыр.
– Зейнетақы мен жәрдемақы төлемі бойынша ешқандай кедергі болмайды. Бүгінгі таңда Арал аудандық бөлімі қайта есептеу жұмыстары толықтай жасалды деп әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша Еркін Ашықбаев баяндады. 2025 жылдың қаңтар айында қайта есептелген жаңа сомамен төленетін болады.
– Әңгімеңізге рақмет. Жұмыстарыңызға сәттілік пен табыс тілейміз!
Сұхбаттасқан Оңталап ЖОЛДАСОВ
10 желтоқсан 2024 ж. 86 0