Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының бұйрығымен Ибраимова Лаура Қолғанатқызы Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімі басшысы лауазымына тағайындалды.
Атап өту керек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» қайта құрылып, зейнетақы төлеу, халыққа қызмет көрсету орталығы мен мүліктерді тіркеу, жер кадастры осы бөлімге біріктірілді.
Лаура Қолғанатқызы – 1971 жылы Арал қаласында дүниге келген.
2007 жылдан бастап Арал аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы қызметін атқарып келеді.
Қызылорда облыстық мәслихатының VII шақырылым және Арал аудандық мәслихатының VIIІ шақырылым депутаты.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
03 мамыр 2024 ж. 1 226 0