Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 268 бұйрығымен, Арал аудандық әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы лауазымына Ашықбаев Еркін Қуантқанұлы тағайындалды.

Еркін Қуантқанұлы - 1985 жылы 8тамызда Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2004 жылы Жамбыл политехникалық колледжін «Құқықтану» және 2007 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
2008-2016 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімінде заңгер-кеңесші, ұйымдастырушы-бақылаушы, реттеу зал басшысы;
2016 жылдан бастап осы кезге дейін«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету бойынша Арал аудандық бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
02 маусым 2023 ж. 291 0