Сұрақ: Ассаламуалайкум мен үнемі ұйықтаған кезде бастырылып қаламын. Бастырылу деген не және одан құтылу үшін не істеу керек? Жауап: Уа алайкум ассалам. Бастырылу медицинада ұйқы салы деп аталады... Дәрігерлер қан айналымындағы ретсіздіктерден және психологиялық күйзелістерден туындайтындығын білдіріп былай...
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылы Қазақстанда 13 автомобиль жолы ақылы болады деп хабарлады. Қазіргі уақытта мамандар "төлем алу жүйесі" құрылғысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамамен жұмыс істеуде. Ақылы жолды мына учаскелерде: Ресей шекарасы — Ақтөбе — Қызылорда (1125 километр),...
Хабиб Нұрмағомедовтің қарсыласы белгілі болды. Спортшының келесі жекпе-жегінің уақыты да анықталды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.2019 жылы қыркүйек айында ММА аралас жекпе-жегінің ресейлік балуаны Хабиб Нұрмағомедов америкалық Дастин Пуарьемен кездеседі. Дастин Пуарье Макс Холлоуэйді жеңіп, жеңіл...
Желіде танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің Өзбекстанда жасаған дайындығынан видео жарияланды. 2019 жыл Қазақстанның Өзбекстандағы жылы болып жарияланды, осыған байланысты Ташкентте бірқатар шара өткізу жоспарланған.Видеодан Димаш француздың SOS d'un terrien en detresse әнін орындап жатқаны көрінеді....
Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру жолында 1 маусымнан бастап мұғалімдердің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты деп хабарлайды Baq.kz. «Негізінен еңбек өтілін енді бастап жатқан...
АҚШ-та құс өзінің иесін өлтірді, деп хабарлайды Evening Standart. Оқиға Флорида штатындағы фермалардың бірінде болған. Алачуа округінің құтқару қызметі айдарлы түйеқұс өз иесіне тап бергенін айтады. 75 жастағы Марвин Ахос құлаған кезде, оған казуар бас салған. Ер адам алған жарақатынан көз жұмды. Құс...
Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова осы жылдың 1 маусымынан бастап кімдердің жалақысы көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министрдің айтуынша, бюджет саласындағы жалақысы төмен азаматтардың айлығын көтеруге қарастырылған қаржының 75 проценті білім саласына берілмек....
Канададағы Сэлмон-Арм шіркеуінде ер адам оқ атты. Бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды CTV телеарнасы. 25 жастағы жігіт шіркеуге баса-көктеп кіріп, екі адамға оқ атқан. Олардың біреуі оқиға орнында көз жұмды. Екінші зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Полиция күдіктіні қолға...
2019-жылдың 9-маусымында өтетін кезектен тыс президент сайлауына мемлекеттік бюджеттен 9,348 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында хабарланды. Үкіметтің резервтегі қаржысынан 2019 жылы міндетті түрде жұмсалуға тиіс ақша — 9 404 771 000 теңгені құрайды. Оның 9 347 885 000 теңгесі – Орталық...