Жас жігіт шіркеуге баса-көктеп кіріп, оқ жаудырды
Канададағы Сэлмон-Арм шіркеуінде ер адам оқ атты. Бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды CTV телеарнасы.
25 жастағы жігіт шіркеуге баса-көктеп кіріп, екі адамға оқ атқан. Олардың біреуі оқиға орнында көз жұмды. Екінші зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Полиция күдіктіні қолға түсірді. Тергеу мүддесіне байланысты оның есімі жарияланбай отыр.
Алдын ала болжам бойынша төтенше жағдайға діни себеп түрткі болмаған. Сэлмон-Арм шіркеуі Ванкувер қаласынан солтүстік-батысқа қарай 460 шақырым жерде орналасқан.