Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Шетелде діни білім алудың қауіптілігі неде?

Шетелде діни білім алудың қауіптілігі неде?

Қазақстан – өзін зайырлы мемлекет ретінде заң жүзінде бекіткен мемлекет. Зайырлылық дегеніміз – қоғамның кез келген мүшесіне оның ұстанған діни-сенімі, нәсілі, көзқарасына араласпайтын еркіндік беретін ұстаным. Зайырлылық –«атеизм» eмec адамның діни-сенім бостандығына кепілдік беру. Онын дәлелі ретінде еліміздегі рұқсат етілген діни бірлестіктердің барлық дерлігі өз жұмыстарын еш қысымсыз жүргізуі. Тарихқа терең үңілсек, қазақ халқы мың жылдан астам уақыт мұсылманшылықты өз күнделікті тұрмыс тіршілігінде басшылыққа алып отыр. Салт-дәстүрімізбен біте қайнасып, ұлттық болмысымызға айналған ата дінімізді үйрену үшін ата-бабаларымыз орта ғасырда шетел асып білім алатын. Ол кезенде Орта Азия өлкесі ғылымның орталығы болды. Бұхара, Самарқан, Отырар, Тараз, Түркістан, Сығанақ қалалары Ислам ғылымының ошағына айналды. Осы жерден білім алғаннан кейін барып білімін терендету үшін ғана ата-бабаларымыз шетел асып сапарларға шыққан. Дей тұрғанмен, мүлдем шетел асып білім алмау керек деген тұжырым дұрыс емес. Себебі шетелде діни білім алу емес, жалпы білім алу үшін сапарға шығу Ислам дінінде өте құптарлық сауапты іс саналады.
Шетелде білім алудың артықшылығы өте көп. Сол білімнің пайда болған жеріне барып, түпнұсқадан оқу және басқа да шетелден келген білімді жастармен білім алмасып, білімі терең ғалымдардың білімінен сусындау секілді артықшылықтары бар. Сол секілді зиянды тұсы да жок деп айта алмаймыз. Өйткені діни иммунитеті қалыптаспаған және дәстүрлі қазақи танымы болмаған жастарымыздың жат ағымның жетегіне еріп кетулері осы себептен болып отыр. Өз елінде бастауыш діни алмаған адам шетелге барғанда ақ-қарасын ажырата алмау себебінен сол жақтағы деструктивті тәлім-тәрбие беретін ортаға қосылып кетуіне ықтималдылығы жоғары болып отыр. Сондықтан шетелдік оқу орындарында білім алғысы келген азаматтар әуелі діни танымын отандық білім ордаларынан қалыптастырып, содан кейін ҚР Дін істері комитеті мақұлдаған шетелдік университеттерге барып жалғастырғаны абзал. Ал білімді Қазақстанда емес, шетелдегі оқу орындарында діни білім аламын деген кез келген азамат Діни басқармадан арнайы жолдама рұқсат алуы керек немесе ресми тіркелген діни оқу орнын бітірген болуы керек. Бұл істер орындалмай азаматтар өз еркімен, ешкімнің нұсқау бағытынсыз оқуға аттанар болса, күмәнді ортаға қосылып кетуі кәдік. Сондықтан діни білім алмас бұрын өзінің тұрғылықты жерінің бекітілген дін мамандарымен ақылдасып шешкен дұрыс болады. Себебі қазір жат діни ағымның білім беру жүйесі өте қатты дамып, жастарды өздеріне арбап отыр.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында діни кадрларға қажеттілік туындап, жастарымыз шетел асып білім алуға жан-жаққа кетті. Нәтижесінде діни білімі бар азаматтар көбейді. Соның себебінен елімізде діни оқу орындары ашылды. Бірақ қазір шетел асудың қажеттілігі қалмады.Өйткені өзімізде де жоғары оқу орындары ашылып, шетелден ғалымдарды алдырып, шәкірттерге білім беріліп жатыр. Шетелдің күмәнді діни оқу орындарына оқуға кеткен қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Осыған байланысты азаматтарымыздың шетелдік діни білім беру ұйымдарында теологиялық білім алу тәртібі реттеуді талап етеді. Ел азаматтарының Қазақстанда діни білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет деп көрсеткен еді. Осыған орай елімізде тұңғыш рет Мысыр елімен келісім арқасында 2001 жылдан бері ашылған Нұр-Мүбәрак Ислам мәдениет университеті елімізге жоғарғы білімді білікті дін мамандарын дайындап келеді. Университет жанында Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығы кұрылған. Орталықтан көптеген ғылыми оқулықтар жазылып, исламтану саласында зерттеулер жүргізіліп келеді. Одан өзге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қатысты тоғыз есе жұмыс жасайды және Құран жаттау орталықтарының жұмысы бір ретке қойылған. Осының барлығы ел тәуелсіздігінің дін бостандығы саясатының жемісі болып отыр.
Осындай білім орталықтары болған себепті қазіргі жастар шетелге барып білім алмай, өз елімізде терең діни білім алуға мүмкіншілік алып отыр. Азаматтарға білімін жетілдіру мақсатында магистратура немесе докторантура оқу бағытында шетелдік университетте білім алуларына да жағдай жасалған. Соның ішінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасымен келісімге отырған әлемдік деңгейде білім беру жүйесі бар.
Мысыр еліндегі Әл-Әзһар университеті және Түркия елінде Хасики имамдар дайындау академиясы бар. Аталмыш оқу орындарын тәмамдаған білікті дін ғалымдары қазіргі таңда еліміздің діни саласын дамытуға өздерінің сүбелі үлестерін қосып жатыр. Жат діни ағымның алдын алу үшін бірінші кезекте осы жастарымыздың шетелде діни білім алуын бақылау қажет. Сол мақсатта елімізде діни оқу орындары ашылды. Елімізде дәстүрлі ислам мектебін қалыптастырып, ата-бабамыздыңұстанған сара жолын жастар арасында дәріптеу керек. Абай мен Шәкәрімнің білімін сол кезде жастарымыз шетелдің мәдениеті мен танымына еліктемей ұлттық болмысын сақтайды. Діни кикілжің белең алмай, толеранттылық түсінік қалыптасады. Адамныңалған діни білімі қай елден алып келсе де, ел арасында алауыздық емес, ынтымақ, ауызбірлікті сақтауға жұмсалу керек. Кезінде ел арасында білімі мен данагөйлігімен аты шыққан Науан хазірет, Марал ишан, Мәшһүр Жүсіп, Пір Бекет бабаларымыздың діни білімі терең болды. Сонымен қатар олар халықтың салт-дәстүріне, танымына қарсы шықпады. Өздерінің білімін халық арасында таратты, қазіргі жастар қазақ даласында өткен осындай дін қайраткерлерінің өмірінен үлгі, ғибрат алуы керек.
Ә. ОТАРОВ,
Арал ауданының қоғамдық даму бөлімінің маманы
---
18 наурыз 2023 ж. 383 0