"Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды
15 КОМАНДА ҚАЛДЫ
20 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 16 команда Екібастұз қаласы маңынан Павлодар облысы аумағындағы Төртқұдық елді мекеніне аттанды.
Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиғақазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.
Жол қашықтығы500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.
Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, екінші кезеңнің мәресі Төртқұдық елді-мекені маңында аяқталды.


Екінші кезең қорытындысы бойынша, Алматы қаласының командасы жеңімпаз атанды. Жетісу облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Маңғыстау облысының командасы үштікке ілікті.
Өкінішке қарай, екінші кезеңде Батыс-Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды.
Екінші кезеңдеТүркістан,Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Абай, Павлодар, Ақмолаоблыстарынан екі аттан, ШҚО, Жетісу, Қарағанды, облыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматықаласы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары бес атпен жарысқа шығады. Жалпы21 мамырда 3-кезеңді 15 команда жалғастырады.
100 км:
1. Алматы қаласы - 6 сағ. 46 мин.
2. Жетісу облысы - 6 сағ. 48 мин.
3. Маңғыстау облысы - 6 сағ. 52 мин.
4. Қостанай облысы - 6 сағ. 59 мин.
5. ШҚО - 7 сағ. 03 мин.
6. Жамбыл облысы - 7 сағ. 27 мин.
7. Қарағанды облысы - 7 сағ. 44 мин.
8. Астана қаласы - 7 сағ. 58 мин.
9. Ақмола облысы - 8 сағ. 04 мин.
10. Түркістан облысы - 9 сағ. 04 мин.
11. Абай облысы - 9 сағ. 09 мин.
12. Павлодар облысы - 9 сағ. 42 мин.
13. СҚО - 9 сағ. 45 мин.
14. Ұлытау облысы - 10 сағ. 03 мин.
15. «Рекорд» командасы.
Жеңімпаздардың марапаты: Алғашқы үш жеңімпаз5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).
Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.
Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.
Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.
Ақпараттық серіктестер: «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары.
«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықтыәрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.
Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb - JORYQ, Instagram - joryqofficial, Tik-Tok - JORYQ, youtube - JORYQ.
БАҚ-пен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша + 7 777-214-01-71 нөмірі бойынша Рауан Есқалимен хабарласуларыңызды сұраймыз.

Құрметпен, «Ұлы дала жорығының» ұйымдастыру комитеті