Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Балалар тауарларына гигиеналық және токсикологиялық қауіпсіздігіне зертханалық бақылау

Балалар тауарларына гигиеналық және токсикологиялық қауіпсіздігіне зертханалық бақылау

Балалар тұтыну тауарларына бала туғаннан бастап қолданылатын бұйымдар  жатады, олар: нәресте жейдесі, памперс, ползунки, іш киімдер, қысқы және жазғы көйлектер, бас киімдер, шалма, қолғап, шұлықтар,  аяқ киімдер барлық мезгіліне қарай, емізік, тіс сақинасы, тамақ беруге арналған бөтелке, балалар сабыны, балалар иіс майы, балалар сабын суы, балалар ойыншықтары мен ойындары.
Балалар жаздық киімдері жұмсақ, жұқа, жеңіл, жуғанда тез кебетін, тігілген тігісі бала денесіне батпайтын, баланың денесін қыспайтын бос болуы керек.
Балалар қыстық киімі 20ºС төмен температурада жылы, матасы тығыз, қалың әрі баланың отырып тұруына  ыңғайлы болуы қажет. Ал балалар аяқ киіміне келетін болсақ, таза және жасанды теріден жасалады. Су өтпеитін, тігісі  мен жапсырған желімі мықты болып, өзге иісі болмау керек. Аяқ киімнің өкшесі әр жасқа өзіне лайық, баланың аяғына жақсы тұру керек және баланың жүріп тұруына ыңғайлы болу қажет.
Балалар ойындары мен ойыншықтары жасанды табиғи полимер материалдардан жасалады, 3 жасқа дейінгі балаларға былғары өнімдерінен жасалған ойыншықтар қолданысқа шығаруға рұқсат етілмейді. Балалар ойыншықтары мен ойындары бала денсаулығын алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық тексеруден және токсикологиялық тексеруден өту қажет. Жоғарыда атап кеткен балалар тауарлары Кедендік Одақ техникалық регламенті талаптарына сай болу керек, соның ішінде: 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарларының қауіпсіздігі» және 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы». Айтылған талаптарды ескере отырып, қазіргі таңда балалар тұтыну тауарлары шет елдерден, яғни Қытайдан, Өзбекстаннан жеткізіліп балалардың денсаулығына зиянсыздығы жөнінде сертификатсыз және сапасыз тауарлар сатылуда. Бұған дәлел «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалының орталығындағы санитарлық-химиялық зертханасында зерттелген  үлгілер нәтижесін келтіруге болады. Соңғы үш жылда балалар тұтыну тауарларынан  6331 зерттеу жүргізіліп 183-і оң нәтиже берген, олар: 1) балалар киімдерінен: маркировкалары сәйкес емес, органолептикалық көрсеткіштерінен (дәмі, иісі), гигроскопиядан (киім заттардың ауадан су буын сіңіру (сорбциялау) қабілеті), бояуының тұрақсыз жағынын, бос формальдегидтің өз нормасынан жоғары болуы; 2) балалар ойыншықтары мен ойындарынан: маркировкалары сәйкес емес, бояуының тұрақсыздығы, жағымсыз әрі бөгде иісінің болуы, формальдегидтің өз нормасынан жоғары болуы анықталды. 
Зертханамыз заманауи, сезімталдығы жоғары құрал-жабдықтармен жабдықталған. Инфрақызыл спектрофотометр Фурье (полимерлі бұйымның, матаның құрамын анықтайды), кірістірілген бу қысымды диспенсерлері бар газ және газ-сұйықтық хроматографтарымен (полимер бұйымдары мен маталардан зиянды заттардың миграциясын анықтайды).
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша
филиалының зертхана маманы  А. Файзуллаева
---
22 сәуір 2025 ж. 96 0