Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 5 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа сапасына қолайлы жағдай сақталса, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Метеорологтардың түсіндіруінше, қолайсыз метеожағдайлар - атмосфераның төменгі қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін табиғи құбылыстардың жиынтығы. Оған тыныштық, әлсіз жел, тұман немесе инверсия секілді факторлар жатады.

Осындай кезде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер ету қаупі артады.
Мамандардың айтуынша, ауадағы ластану деңгейі көбіне желдің жылдамдығына, жауын-шашын мөлшеріне, ылғалдылық пен температураның өзгерісіне байланысты қалыптасады.
Тиісті қызметтер азаматтарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, терезені жиі ашпауға және көлік қозғалысын барынша азайтуға кеңес береді.

Фото: baq.kz

---
05 қазан 2025 ж. 69 0