Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Ақирек ауылдық округіндегі №31 сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды өтуде

Ақирек ауылдық округіндегі №31 сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды өтуде

Бүгін Ақирек ауылдық округінде орналасқан №31 сайлау учаскесінде маңызды саяси науқан – сайлау үдерісі қызу әрі ұйымдасқан түрде өтуде.

Таң сәріден сайлау учаскесіне келген ауыл тұрғындары өздерінің азаматтық құқықтарын пайдаланып, ел болашағына деген көзқарастарын білдіруде. Дауыс беруге келген тұрғындардың қарасы қалың. Әр азамат өз таңдауын жасап, ел өміріндегі маңызды мәселеге жауапкершілікпен атсалысуда.

Сайлау учаскесінде дауыс берушілер үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Учаске жұмысы белгіленген тәртіпке сай ұйымдастырылып, сайлаушыларға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ақирек ауылы тұрғындарының белсенділігі – ел тағдырына деген жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Себебі әрбір берілген дауыс – ел болашағына қосылған үлес.

Сайлау – азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды мүмкіндік. Сондықтан әрбір тұрғынның белсенділік танытып, өз азаматтық ұстанымын білдіруі – қоғам үшін маңызды.
---
23 тамыз 2026 ж. 31 0