Жоқ іздеген жүрек
31 қазан 2026 жылы ақын, ұстаз, өңірімізге белгілі қаламгер, “Қайдасың, Қасқақұланым...”, Жоқ іздеген жүрек”, “Айтарым бар еді” кітаптарының авторы Шынтемір Әмишаұлының 80 жылдығына арналған аймақтық ақындар мүшәйрасы өтедіЕрежесі
Байқау Аралда туып, аты алты Алашқа танылған дарын, дүниені жалт қаратқан ақын Шынтемір Әмишаұлының 80 жылдық мерейтойына арналады. Мүшәйра өзіндік өлең өрнегі арқылы ел құрметіне бөленген қаламгердің шығармашылығын насихаттау мақсатында Арал аудандық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.
1. Байқаудың негізгі мақсаты:
– Елдік және ерлік дәстүрді қаламына арқау еткен, өлмес өлеңдер мен талай есті шығармалардың сөзін жазған ақынның ғибратты ғұмыр жолын, сырлы шығармашылығын насихаттау;
– Ақынның 80 жылдық өмір жолын, өнегелі істері мен өшпес туындыларын жас қаламгерлерге таныстыру, дәріптеу;
– Туған жері Арал тарихын, тағдырын, теңізге деген сағынышты ақындар қаламына негіз ету;
– Қаламгер мен ақындар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту.
2. Байқаудың шарттары:
– Мүшәйраға аймақтағы 18 бен 35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады;
– Байқауға ақын 2 өлең ұсынады;
Ақын Шынтемір Әмишаұлының 80 жылдығына арнау өлең жазу;
Арал өңірі мен тарихы, табиғаты, тағдырлы теңіз тақырыбында арнау өлең жазу.
– Өлең көлемі 15 шумақтан асып кетпеуі тиіс.
– Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында 14 кегльмен, 1,5 интервалмен, Times New Roman қарпімен ғана қабылданады;
– Байқауға бұған дейін ешбір газетте, журналда, кітапта, электронды ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланбаған, басқа байқауларға жіберілмеген жаңа шығарма ұсынылады;
– Байқауға қатысушы өзінің толық аты-жөнін, мекен жайын, қысқаша өмірбаянын, телефон нөмірін, сапалы суреті мен шығармасын tolkyngazeti@gmail.com электронды поштасына немесе 8 705 824 74 32 WhatsApp нөміріне #Байқауға хэштегімен жазып жібереді.
3. Байқаудың мерзімі:
– Байқауға қатысатын шығармаларды қабылдау 2026 жылы 25 күні тоқтатылады;
– Қабылданған шығармалардың ішінен іріктеліп шыққан ақындар Арал қаласына қорытынды кешке шақырылады.
Өтетін орны мен уақыты қатысушыларға қосымша хабарланады.
Ескерту: Жол шығыны және өзге де шығындар қатысушының өз есебінен болады;
– Қабылданған шығармалар ішіндегі ең үздік 10 ақын тәуелсіз қазылар шешімімен анықталады;
– Үздік деп танылған шығармалар БАҚ-қа жарияланып, арнайы кітапша шығарылады.
4. Байқаудың қазылар алқасы:
– Қазылар алқасы қазақ поэзиясында өзіндік орны бар қаламгерлерден құралады;
– Олар байқауға түскен шығармаларды саралап, ең үздіктерін анықтайды;
– Анықталған шығармалардың жеңген орнын көрсетіп, ұйымдастырушыларға ұсынады;
– Ұйымдастырушылар бәйге жүлделерін үйлестіреді.
5. Байқау бәйгесі:
– Бас бәйге – біреу,
– Бірінші орын – біреу,
– Екінші орын – біреу,
– Үшінші орын – екеу,
– Арнайы жүлде және ынталандыру беріледі
Байқауға түскен шығармалардың сапасына қарай қазылар алқасының ұсынысымен және ұйымдастырушылардың мақұлдауымен бәйгелер саны өзгеруі мүмкін.









