Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жазба ақындар мүшәйрасы өтеді

Жазба ақындар мүшәйрасы өтеді

ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Арал ауданы, Қарақұм ауылының тумасы, белгілі қаламгер, журналист, бірнеше кітаптардың авторы Қази Соңғыбайұлы Данабаевтың туғанына 70 жыл толуына орай «Сен аман бол, Қазақстаным» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасының
ЕРЕЖЕСІ
"Сыр Медиа" ЖШС-не қарасты Арал аудандық «Толқын» қоғамдық-саяси газетінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, жергілікті жерден шыққан белгілі белгілі қаламгер, ақын, журналист Қази Данабаевтың 70 жылдығына орай «Сен аман бол, Қазақстаным» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасын 1 қыркүйек пен 11 желтоқсан аралығында өткізуді ұйымдастырып отыр. 2021 жылдың 11 желтоқсанда қорытындылауды деп күтілуде.
Мүшәйраның мақсаты:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жергілікті жерден шыққан ақын-жазушыларды, тұлғаларды кейінгі ұрпаққа насихаттай отырып, олардың өмір жолын, еңбегі мен шығармашылығын халыққа кеңінен таныстыру.
Мүшәйраның талаптары мен шарттары:
Мүшайраға Арал қаласы мен барлық ауылдардан 16-35 жас аралығындағы ынта білдірген ақындар қатыса алады.
– Мүшәйра 2 айналымда өтеді:
І кезең – «Сен аман бол, Қазақстаным» (Қази Данабаевқа арнау);
ІІ кезең – Қатысушының еркін тақырыптағы бір өлеңі .
– Мүшәйраға ұсынылатын әрбір өлеңнің көлемі 10-12 шумақтан аспауы шарт және талапкерлер сапалы видео түсіріп жіберулері қажет.
– Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған өлеңін ұсынуы тиіс.
Үміткерлер өнерін бағалау кезінде:
  • – Ақынның сөз тапқырлығы, өлең мағынасының тереңдігі, шумақ ұйқасының күрделілігі;
  • – Тақырыптың ашылуы, әдеби қолданыстарды /теңеу, эпитет, метафора/ қолдану шеберлігіне;
  • – Ой мен қиялдың ұшқырлығы, идеялық мазмұнына баса назар аударылады.
Мүшәйра жеңімпаздарын марапаттау:
Мүшәйра қорытындысы бойынша жазба ақындарға төмендегідей жүлделі орындар тағайындалады:
І орын – біреу (70 мың теңге)
ІІ орын – біреу (50 мың теңге)
ІІІ орын – біреу (30 мың теңге)
Қазылар алқасының шешімімен мүшәйра жеңімпаздары анықталып, ұйымдастыру алқасының дайындаған дипломы және қаржылай сыйлықпен марапатталады. Қазылар алқасы белгіленген орындардың барлығын беруге немесе өзгертуге, бір сыйлықты екі ақынға бөліп беруіне құқылы.
Ескерту: қатысушылар 2 кезеңге ұсынатын өлеңдерін компьютерге теріп, өлеңін видеоға түсіріп, tolkyn_gazeta@mail.ru электрондық поштаға немесе WhatsApp желісі арқылы 8 701 422 8109, 8 778 175 7560 және 8 775 378 7646 нөміріне салуға болады.
Мүшәйраға қатысушы туралы толық мәлімет (шығармашылық мінездеме, жеке суреті, куәлік көшірмелері, өлеңдері электронды түрде) 1 қыркүйектен бастап 1 желтоқсанға дейін жіберілуі тиіс. Мүшәйра онлайн режимінде https://tolqyn.kz сайтында және Толқын ТВ YouTube арнасында жарияланады.
Қосымша анықтамалар мен мәліметтерді мына мекенжайдан білуге болады: Арал қаласы, Қарасақал Ерімбет №66 үй.
Байланыс телефондары: 8 /72433/ 2-14-50, 8 /72433/ 2-29-91.
Ұялы телефон: 8 778 175 75 60,8 775 378 76 46.
Электрондық пошта: tolkyn_gazeta@mail.ru

"Толқын" ақпарат
20 қараша 2021 ж. 1 605 0