ЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай мәдениет орталығында "Туған тілім-тұғырым" атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.Қала мектептерінен келген қатысушылар еркін тақырыпта және ана тіліне арнаған жүрекжарды өлеңдерін оқыды.
Мүшайра соңында талапкерлердің тіл байлығына, сөйлеу мәдениетіне сахнада өзін-өзі ұстауына мән берген қазылар алқасының шешімімен I орынды №64 мектептің 7-сынып оқушысы Ерболатқызы Нұрайым жеңіп алды. II орынды №13 мектеп оқушысы Қарлығаш Әбілхайырова иеленсе, III орынды Ақтоты Жеткерова, Данияр Құланов, Индира Серікқызы қанағат тұтты.