Бозкілем төрінде тартысты белдесу өтті
Еркін күрестен 2013-2014 ж.т. жасөспірімдер арасында ұлағатты ұстаз, белгілі жаттықтырушы Бөкенбай Әйімжанұлы Үмбетовті еске алуға арналған облыстық ашық турнир өз жалауын көтерді. Аталған жарысқа Ақтөбе, Ұлытау облыстарынан және Қызылорда облысының барлық аудандарынан 10 салмақ дәрежесінде 15 команда, құрамында 200-ге жуық жас палуандар бақтарын сынады.
Жарыстың ашылу салтанатында Аққұм ауылдық округінің әкімі Н.Жандаулетов, спорт ардагері Е.Қараев және марқұм Бөкенбай Әйімжанұлының інісі Берік Орынбасарұлы жарысқа қатысушыларға өз тілектерін білдіріп, сәттілік тіледі.
Жарыстың салмақтар нәтижесі бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлері Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің тиісті дәрежелі дипломдары, отбасының арнайы дайындаған медальдары, белдіктері және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Жарыс нәтижесі:
I орын 23 кг. - Алияр Тілеумағанбет (Арал ауданы)
I орын 26 кг.- Қайрат Нұртас (Шижаға ауылы)
I орын 29 кг.- Әбдірасул Ермек (Арал ауданы)
I орын 32 кг. - Баубек Нұрасыл (Шижаға ауылы)
I орын 35 кг.- Диас Әсемхан (Актобе қаласы)
I орын 38 кг. - Рүстемов Шынғыс (Шижаға ауылы)
I орын 41 кг.- Сексенбаев Жомарт (Шижаға ауылы)
I орын 45 кг. - Хайырбек Айдын (Қызылорда қаласы)
I орын 57 кг. - Мадияр Зулфикар (Актобе қаласы)
I орын +57 кг.- Жолдыбай Нұрсерік (Қызылорда қаласы)









