Елдос Сметов бүгін Азия ойындарындағы белдесуін бастайды
kaz.inform.kz – Дзюдодан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарыс бағдарламасы белгілі болды.
Фото: ҚР ҰОК
Құрлықтық бәсекеде алдағы жарыс күндеріндегі бағдарламасы бекітілді. Ел құрамасы 30 қыркүйек, 1,2 қазан күндері сынға түседі. Жарыстардың басталуы Қазақстан уақытымен 7:00-ге белгіленсе, финал 13:00-де басталады.
Бүгін, 30 қыркүйекте ел құрамасынан Елдос Сметов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Абиба Әбужақынова (48 келі), Меруерт Сәрсенова (52 келі) татамиге шығады.
Ал 1 қазанда Бақытжан Абдурахманов (73 келі), Әділет Алмат (81 келі), Дана Әбдірова (57 келі), Эсмигүл Куюлова (63 келі), Ажар Асхат (70 келі) жүлдені сарапқа салады.
Сондай-ақ 2 қазанда Айдар Арапов (90 келі), Марат Байкамуров (100 келі), Ерасыл Қажыбаев (100 келі), Екатерина Токарева (78 келі), Аида Тойшыбекова (78 келі) сынды балуандарға үміт артамыз.
Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақстан дзюдо федерациясы Бакуде (Әзербайжан) өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады.
Фото: ҚР ҰОКҚұрлықтық бәсекеде алдағы жарыс күндеріндегі бағдарламасы бекітілді. Ел құрамасы 30 қыркүйек, 1,2 қазан күндері сынға түседі. Жарыстардың басталуы Қазақстан уақытымен 7:00-ге белгіленсе, финал 13:00-де басталады.