Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Таеквондодан әлем біріншілігіне қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

Таеквондодан әлем біріншілігіне қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

Мамыр айында таеквондодан осы жылғы ең беделді жарыс өтеді. Мамырдың 15 мен 20 аралығында Ұлыбританияның Манчестер қаласында әлем чемпионаты өтедіӘлем чемпионатында ең мықты таеквондошылар анықталып қоймай, олимпиадалық лицензияға таласуға қажетті маңызды рейтингтік ұпайларды жинауға мүмкіндік береді. Қазақстан командасының бапкерлер құрамы Манчестердегі жарысқа қатысатын спортшыларды іріктеп алды. Ұлыбританияда төселетін даянгте 16 қазақстандық таеквондошы медальға таласады. Ерлер арасында Самат Темірхан (54 келі), Елдос Ысқақ (58 келі), Эльдар Бірімбай (63 келі), Нұрсұлтан Мамаев (68 келі), Қайрат Сарымсақов (74 келі), Нұрлан Мырзабаев (80 келі), Смайыл Дүйсебай (87 келі) және Руслан Жапаров  (+87 келі). Қыздар арасындағы жарысқа Айнұр Уашпай (46 келі), Айнұр Есбергенова (49 келі), Фариза Алданғарова (53 келі), Ботагөз Қопанова (57 келі), Фатима Жақсыбаева (62 келі), Ақсәуле Ерқасымова (67 келі),  Жансель Дениз (73 келі), Мереке Жүнісова (+73 келі). Жарыс кезінде қандай мақсат қойылғандығы туралы команданың аға жаттықтырушысы Батырбек Есдәулетов қысқа қайырды. "Бір-екі медаль жеңіп алғымыз келеді. Қазір Оңтүстік Кореяда чемпионатқа дайындалып жатырмыз", - деді Батырбек Естдәулетов.
https://kaz.tengrinews.kz
13 мамыр 2019 ж. 878 0