Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр спортшылары белбеу күресінен ел чемпионатынан 7 медаль иеленді

Сыр спортшылары белбеу күресінен ел чемпионатынан 7 медаль иеленді

Kyzylorda-news.kz. Қостанай қаласында белбеу күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен ҚР чемпионатында Сыр спортшылары 7 медаль иеленді, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Назерке Əбілтаева (52 келі) мен Рахымжан Мансұр (75 келі) Қазақстан чемпиондары атанса, Нұрберген Алдаберген (90 келі) күміс жүлдені еншіледі.
Алиса Нұртас (76 келі), Нұрбек Дариялов (90 келі), Бақтияр Ибрагимов (100 келі) жəне Нұрбек Алдажаров (+100 келі) қола жүлделерге ие болды.
Спортшыларды жарысқа жаттықтырушылары Жанар Дүйсекенова, Аслан Нұрхожаев, Абдусаттар Садыков дайындады.
https://syr-media.kz
06 мамыр 2019 ж. 1 183 0