Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 108 жасқа дейін өмір сүрудің құпиясы – ақ қайнар

108 жасқа дейін өмір сүрудің құпиясы – ақ қайнар

Ұлыбританияның Харрогейт қаласының тұрғыны Дороти Флауэрс  жақында өзінің 108 жасқа толуын тойлады, деп хабарлайды  stan.kz ақпарат агенттігі

Дороти Флауэрс қарттар үйінде тұрады екен. Оның балалары жоқ, ал жары 1981 жылы дүниеден озған. Қарт әжейге жағдайын білуге үнемі оның жиені келіп тұрады екен. 108 жасқа толуына орай Доротиге әлемнің түкпір түкпірінен, оның ішінде Таиландтан, АҚШ-тан, Австралиядан 650 құттықтау хаты келіпті.
Кейуананың сүйікті сусыны ақ қайнар екен, әжей өзінің өмір жасының ұзақтығының құпиясын осымен байланыстыратын көрінеді. Оның бұл сусынға деген құмарлығын қарттар үйінінің қызметкерлері де байқапты.  
05 қараша 2019 ж. 815 0