Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі ең қарт әжей Танзиля Бисембеева дүниеден озды

Әлемдегі ең қарт әжей Танзиля Бисембеева дүниеден озды

Әлемдегі ең қарт адам - этникалық қазақ Танзиля Бисембеева 125 жасқа толуына бір ай қалғанда Ресейде қайтыс болды деп хабарлайды "Российская газета" басылымына сілтеме жасаған kaz.nur.kz
Танзиля Бисембеева Ресейде, Астрахань облысында дүниеге келіп, сол жерде тұрды. Сол жерде ол ең соңғы пана тапқан.
Танзиля тұрған Красноярск қаласының басшысы қарияның өмірден тыныш озғанын айтады. Ол туған жерінде жерленген және онымен қоштасуға ауылдың барлық тұрғыны келіпті.
Ресейлік БАҚ Танзиля туралы 2016 жылы, яғни қарияның 121 жасында жаза бастаған. Сол кезде оның келіні әжейдің денсаулығы тек 120 жасқа толғаннан кейін күрт нашарлағанын сөз етті. Танзиля төсек тартып, тез шаршап, көбірек ұйықтағанды ұнататын. Танзиля Бисембеева патшаның заманында, 1896 жылы дүниеге келді. Өз заманында ол революцияны да екі соғысты да Кеңес үкіметінің құлдырауын да бастан өткізді. Танзиля өмірінің бір ерекшелігі - ол тұңғышын 53 жаста, ал кенжесін 57 жасында тапқан.
Әжейдің туыстарының сөзінше, ол 100 жасқа келгенше ешбір дәрігерге қаралмаған. Тіпті, баласын үйде өзі босаныпты. 100-ге толғаннан кейін оның көру қабілеті нашарлай бастапты. Балаларының сөзінше, Танзиля үнемі позитивті көңіл күйде жүріп, мейірімді болуының арқасында көп жасаған. Сонымен қатар, ол ешқашан физикалық қозғалыстан, еңбек етуден қорықпапты.
Десе де Танзиля оның осынша ұзақ жыл өмір сүруіне ыстық монша мен сүтті тағамдарды тұтыну себеп болған.
30 қазан 2019 ж. 1 123 0