Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ішімдік ішуге тыйым салынған елдер

Ішімдік ішуге тыйым салынған елдер

Қазір алкогольдің қоғамдық санаға кірігіп кеткені соншалық – онсыз той-думан, отырыс пен мереке өткізу мүмкін еместей. Голливуд фильмдері ішімдік пен темекіні бастан-аяқ пропагандаға айналдырып, бүтін бір ұрпақты ішімдік ішуге тәрбиеледі. Әлі де тәрбиелеп жатыр. Әлем елдері де ішімдіктің адам ағзасына зиян екенін біле тұра, еш қимылсыз отыр. Бірақ арамызда шынымен «дені сау» мемлекеттер бар екен. Олар – арақ-шарап өндіруге, сатуға толық тыйым салған елдер. Ең алдымен, қай елде ішімдік сатуға тыйым салынған десе, ойымызға бірінші болып мұсылман елдері оралары сөзсіз. Бүкіл мұсылман елдері шариғат заңына бағынады. Онда ішімдік ішу харам деп үкім етілген.
Йемен
Йеменде арақ-шарап сатуға толық тыйым салынған. Тек Адена мен Сана атты екі қалада ғана туристер үшін шарап сататын арнайы орындар бар. Ислам дінін ұстанбайтын өзге дін өкілдері келіп осы жерден шарап сатып алады. Бірақ оны көшеде, қоғамдық ортада ішуге болмайды. Үйде ішуге ғана рұқсат.
Біріккен Араб Әмірлігі
Бұл мемлекетте де арақ-шарап сатуға тыйым салынған. Әсіресе, Шарджа қаласында тыйым қатаң. Оны сатқаны, сатып алған азаматтарға үлкен айыппұл салады не түрмеге отырғызады. Не дүре соғылады. Шарджа қаласынан басқа қалаларда арақ-шарап сататын арнайы орындар ғана бар. Туристтерге арналған. Ондай орындардың иесінде мемлекет билігі берген лицензия болуы керек. Мейрамхана мен барда отырып қана ішімдік ішуге болады. Көшеде мас болып жүруге болмайды.  
Судан
Жергілікті билік 1983 жылдан бастап елде ішімдік сатуға тыйым салған. Африкада орналасқан бұл мемлекетте де шарап өндіруге, ішуге және сатуға жол жоқ. Туристтерге рұқсат берілген, бірақ үйінде, қонақ үйдің бөлмесінде ғана ішуге болады.
Сауд Арабиясы
Бұл мемлекетке ағылған туристердің қарасында шек жоқ. Қасиетті Қағбаны көргісі келетіндер көп-ақ. Мекке қаласының билігі туристерге әуежайға түскенде-ақ ішімдік ішуге тыйым салынғаны жайлы ескертеді. Қолсөмкеге дейін тексеріледі. Ішімдік ішкендерге заң қатаң бұл елде, қатал үкімдер беріледі.
Пәкістан
Елде өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап ішімдікке тыйым салынды. Бұл елдің басым бөлігі мұсылмандар болғанымен, мұсылман еместер де бірге өмір сүреді. Оларға арақ-шарапты арнайы рұқсатнама арқылы сатып алады.
Мавритания
Мұсылман елі болғандықтан, шариғат үкіміне бағынады. Ал шетелдіктерге ішімдік арнайы орындар сатылады. Бірақ көшеде мас болып жүруге болмайды.
Ливия
Ливия – әлемде ең көп ішімдік ішетін ел болатын. Бұл «атақтан» арылу үшін ел үкіметі азаматтарға арап-шарап ішуге мүлдем тыйым салды. Көлекелі бизнесті те түбімен құртқан. Алкоголь сататын жерді іздеп қажет емес.
Кувейт
Кувейтте ішімдік ішкендер не түрмеге қамалады, не елден депортацияланады.
Иран
Иран билігі туристтерге барынша түсіністік танытуға тырысуда. Елде ішімдік ішуге, сату, тіпті өндіруге рұқсат етілген. Бірақ мұнымен мұсылман жамағаты айналысса, жаза қатаң.
Үндістан
Үндістанның кей штатында ішімдікке тыйым салынған. Мадхья-Прадеша, Нагаленда,Бихара штаттарының тұрғындарына арақ-шарап сатылмайды. Елдің басқа штаттарында алкогольге тыйым жоқ. Үнді мұхитында жатқан Мальдив аралдарында да ішімдік ішуге болмайды. Бруней мен Бангладешке келген туристтер сөмкесінде алкоголь болса, кеденшілерге ескертуі тиіс. Үйде, бөлменің ішінде ғана ішімдік ішуге рұқсат.

23 сәуір 2020 ж. 996 0